• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: су тарифтеріндегі өзгерістер мен су үнемдеу мәселелері талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында су жеткізіп беру қызметінің тарифіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдерінің қатысуымен арнайы мәжіліс өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

12.06.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен жиынға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, сала мамандары және ауданнан салалық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, егін шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында аграрлық секторға аса мән беріп келеді. Ауданымыз үшін ауыл шаруашылығы саласы ерекше маңызға ие. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласының негізгі көзі егін шаруашылығына су ресурстарының жеткілікті болуы аса маңызды. Өздеріңіз жақсы білесіздер, өңірімізде соңғы жылдары вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтуде. Биылғы жылы ауданымызда 12 345 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, күріш дақылы — 2 447 га, бидай — 230 га, арпа — 60 га, мақсары — 196 га, сүрлемдік жүгері — 269 га, жаңа жоңышқа — 2 040 га, ескі жоңышқа — 4 810 га, картоп — 224 га, көкөніс — 951 га, бақша өнімдері — 1 118 гектарды құрады. Енді алдымызда осы егілген егіске дұрыс күтім жасап, жоғары өнім алу міндеті тұр. Сондықтан бұған қатысты барлық шараларды қабылдауымыз қажет, -деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Жиында су ресурстары және ирригация министрлігінің тарифтік саясатты реттеу департаментінің директоры Дархан Қайынбердиев, су ресурстары және ирригация министрлігінің су шаруашылығы ғимараттарын дамыту департаменті директорының орынбасары Жәнібек Қайшыбекұлы, су ресурстары және ирригация министрлігінің суды үнемдеу технологияларын дамыту депртаменті ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын енгізу басқармасының сарапшысы Гүлнұр Махамбет, Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны экономика және қаржы департаментінің директоры Айгүл Сұлтанова, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов су шаруашылығы саласындағы су тарифтерін қалыптастыру тетіктері, тарифтердің өзгеру себептері, ирригациялық жүйелерді жаңғырту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу бағытындағы жұмыстар жайында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында шаруалар тарапынан су жеткізу сапасы, тарифтердің өзгеруі, су бөлу кестесі, каналдарды күтіп-ұстау және су үнемдеу технологияларын енгізуге қатысты бірқатар сауалдар қойылып, сала мамандары тарапынан нақты жауаптар берілді.

Жиын соңында аудан басшысы су – стратегиялық маңызы бар ресурс екенін атап өтіп, қазіргі таңда әрбір тамшы суды тиімді пайдалану, заманауи технологияларды енгізу және шаруалардың мүддесін ескере отырып жүйелі жұмыс жүргізу маңызды міндет екенін атап өтті.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданы әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді

Келесі мақала

Облыс әкімі сода өндіру зауытының құрылысын талқылады

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі