• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сырдарияда «Саулық сақшылары – ел мақтанышы» атты мерекелік шара өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Салтанатты іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

23.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік іс-шарада аудан басшысы денсаулық сақтау саласына жасалып жатқан қолдауларға тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық денсаулығы – ел дамуының басты кепілі екенін үнемі атап келеді. Осы бағытта Сыр өңірінде де денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде Мемлекет басшысының қолдауымен, аймақ басшысы тапсырмасымен Сыр өңірінде медициналық қызметке қолжетімділік артуда, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруде кешенді жұмыстар жүргізілуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің барлық ауданында 10 млрд. 763 млн. теңгеге 28 медициналық нысан салынды.

Соның бірі ауданымызда жүзеге асырылып, Н.Ілиясов ауылында дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңадан Қан орталығы салынып, халыққа қызмет көрсетуде. Облыс көлемінде 24 медициналық нысан 6 млрд. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, 15 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Аймақ басшысының қолдауымен облыс бойынша 225 дана санитарлық және жедел жәрдем автокөліктері табысталды. Ауданда да медицина саласын дамытуға үлкен қолдау көрсетілуде. Заманауи медицина бағытында аудандық ауруханаға КТ аппараты орнатылып, халыққа қызмет етуде. Цифрлы маммограф, портативті УЗИ аппараты, жылжымалы рентген аппараты алынып, диагностика деңгейі жаңа сатыға көтерілді. Аудандық аурухана жанынан облыстық деңгейде науқастарды қабылдайтын «Паллиативтік көмек» және «Медициналық оңалту» бөлімшесі пайдалануға берілді. Жыл көлемінде аудандық аурухана мен емханада заманауи техногиялар кезең-кезең бойынша жаңғыртылуда ,– деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Кәсіби мерекеде аудан әкімі ауданның денсаулық сақтау саласына қызмет етіп жүрген бірқатар ақ халатты абзал жандарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісімен, облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, «СЕНІМ» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерінің салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатын» табыс етті.

Салтанатты іс-шара барысында медицина саласының қызметкерлері мен ауданның көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы мақала

Қазалы: аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Келесі мақала

Сырдарияда «Кітап керуені» акциясының ашылу салтанаты өтті

Оқи отырыңыз

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
Денсаулық

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Қызылордада Президенттік кітапхана мен драма театр салынуда

Өзекті жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

0

Жиынға ҚАЖ ардагері Жалғасбай Есмаханов қатысып, отырысқа мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Ернияз төрағалық етті. Кездесу барысында қызметтік...

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
  • Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі