• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 25 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды

Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Судья және сот қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен сот қызметкерлері қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.06.2026
in Құқық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Атаулы күні еліміздегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей жауапты мамандардың күнделікті маңызды еңбегі дәріптеледі. Тәуелсіз, әділ және ашық жұмыс істейтін сот билігі – кез келген мемлекеттің тұрақтылығының, құқықтық негіздері мен әлеуметтік-экономикалық дамуының басты кепілі.

Әділдік жолы тарихымыздағы хандар мен билерден бері қалыптасып, халқымыздың салтына етене араласып кетті. Сыр өңіріндегі сот жүйесі 1938 жылы Қызылорда облысының құрылуымен қатар қанат жайды.

Аймақ басшысы сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, сот жүйесінің қоғамдағы орны мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

«Өздеріңізге белгілі, Президентіміздің бастамасымен, халықтың қолдауымен қабылданған жаңа Конституциямыз алдағы шілде айында күшіне енеді. Ата заңымызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленген. Конституциялық реформаның нәтижесінде билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылды, Конституциялық Сот қайта құрылды. Адам құқықтарын қорғау институттарының әлеуеті артты. Мұның барлығы – елімізді демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға бағытталған жүйелі қадамдар.

Бүгінгі сот билігі – Конституция мен заңдардың қорғаны. Судьяның тәуелсіздігі – әділ сот төрелігінің кепілі. Азаматтардың сотқа деген сенімі – құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан қабылдаған шешімдеріңіз әрдайым әділ, ал заң үстемдігі мен адам құқығы кез келген істе ең басты бағдар болсын», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Жиында облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара барысында бірқатар сала қызметкерлеріне Премьер-министрдің бірінші орынбасарының Алғыс хаты, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, ҚР Жоғарғы Сотының «Құрметті судья», «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгілері, «Сот жүйесінің ардагері» медалі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар ҚР Судьялар одағының «Үш би», «Судьялар одағының құрметті мүшесі», «Жеті жарғы», т.б. марапаттары берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Аралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Келесі мақала

Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды

Оқи отырыңыз

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті
Қоғам

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті
Мәдениет

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті

Сырдарияда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді
Қоғам

Сырдарияда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты
Оқиғалар

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды

Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды

Өзекті жаңалықтар

Сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті
Құқық

Сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

0

Спорттық шара жазасын өтекшілер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Жазғы...

Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті
  • Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді
  • Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды
  • Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады
  • Халыққа қызмет-абыройлы міндет
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі