• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 24 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті

Бүгін «Өнер орталығында» даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған «Алты Алаштың арысы - Ер Жалаңтөс!» атты республикалық ақындар айтысының ашылу салтанаты өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

09.05.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатқа облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты.

Республикалық айтысқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, айтыскер ақын, «Алтын домбыра», мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, Мәдениет қайраткері Кенжебай Жүсіп қазылық етті. Аламан доданы белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев тізгіндеді.

Жыр додасы жасанды интеллект көмегімен жасалған Жалаңтөс Баһадүр образындағы тақырыптық монологпен басталды.

Ашылу рәсімінде Мейрамбек Зинабдинұлы еліміздің әр өңірінен жиналған айтыскер ақындарға сәттілік тіледі.

«Ұлы Жеңістің 81 жылдығы күні даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тарихты білу дегеніміз – өткенмен өмір сүру емес. Біз тарихымызды терең білу және одан тағылым алу арқылы өткеннің қателігін қайталамайтын, Ұлы даланы мекендеген ұлы бабалар жолын лайықты жалғастыра алатын ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз», — деген болатын.

Жалаңтөс Баһадүр — Қазақ хандығының сындарлы кезеңінде саясаткер әрі қолбасшы болған, ел есінде мәңгі сақталған бірегей тұлға.

Аймағымызда батыр рухына арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Соның ішінде бүгінгі республикалық айтыстың маңызы ерекше. Себебі қатысушылардың бәрі — бейбіт күнгі батырлар бейнесін өлеңмен өріп, ұрпаққа рухани тәрбие сіңірген тарландар.

Сөз – қуатты құрал, ақын — сөз құдіретін кеудеден қорытып шығарып, ой-санаға құюшы. Сондықтан бүгін ерлік даңқы аспандайтын күн болмақ. Сөз жүйріктеріне батыр атын асқақтатып, ел рухын көтеріп, көмбеге сүрінбей жетіп, бәйгелі болыңыздар дейміз! Баршаңызға сәттілік тілеймін!», — деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Айтыс аламанында 12 ақын бақ сынады. Қорытындысында Шығыстың ақын қызы Жұлдызай Маратбек бас жүлдені иеленсе, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, жерлесіміз Мұхтар Ниязов I орынды қанжығасына байлады. II орынды Қызылжардың құлагері Хавдолла Бейісхан алса, III орынды қыз бен жігіт айтысының жүйрігі Мақсат Ақанов пен Сырдың талантты перзенті Мейірбек Сұлтанхан өзара бөлісті. Ал Жалаңтөс Баһадүр атындағы арнайы жүлдемен белгілі айтыскер ақын Дидар Қами марапатталды.

Алдыңғы мақала

Тағзым мен құрметке толы кездесу

Келесі мақала

Аралда Ұлы Жеңіс күніне орай эстафеталық жарыс өтті

Оқи отырыңыз

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті
Қоғам

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Сырдарияда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді
Қоғам

Сырдарияда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты
Оқиғалар

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

Қызылорда облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
Білім

Қызылорда облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Облыс  әкімі полиция қызметкерлеріне 94 қызметтік көлік табыстады

Арал:Су тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Арал: Жағажайдағы қауіпсіздік қатаң бақылауда

Сырдарияда «Мемлекеттің беделі – мемлекеттік қызметшінің абыройы» атты мерекелік іс–шара өтті

Актив отырысында жаңадан сайланған Арал қаласының әкімі таныстырылды

Қазалы: Ақтан батыр ауылында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталуда

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғандық мемлекеттік қызметкерлер марапат төрінен көрінді
Қоғам

Жаңақорғандық мемлекеттік қызметкерлер марапат төрінен көрінді

0

Мерекелік жиында аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестерін ерекше...

Аудан полицейлеріне құрмет көрсетілді

Аудан полицейлеріне құрмет көрсетілді

Жаңақорғанда мемлекеттік қызметкерлер күніне орай спорттық жарыстар өтті

Жаңақорғанда мемлекеттік қызметкерлер күніне орай спорттық жарыстар өтті

Облыс  әкімі полиция қызметкерлеріне 94 қызметтік көлік табыстады

Облыс  әкімі полиция қызметкерлеріне 94 қызметтік көлік табыстады

Арал:Су тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Арал:Су тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғандық мемлекеттік қызметкерлер марапат төрінен көрінді
  • Аудан полицейлеріне құрмет көрсетілді
  • Жаңақорғанда мемлекеттік қызметкерлер күніне орай спорттық жарыстар өтті
  • Облыс  әкімі полиция қызметкерлеріне 94 қызметтік көлік табыстады
  • Арал:Су тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі