• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 28 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі бақ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ақпарат саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне арналған мерекелік қабылдау өткізді,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

29.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Басқосуға аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, журналистика саласының ардагерлері, жергілікті басылымдардың бас редакторлары мен қызметкерлері қатысты.

Кездесуде аудан әкімі ақпарат саласы өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өміріндегі жаңалықтарды халыққа жедел әрі шынайы жеткізудегі еңбектеріне алғысын білдірді.

– Бүгін – қалам ұстаған, сөз қадірін түсінген жандардың ортақ мерекесі. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің БАҚ өкілдерін қабылдап, «Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры» деп ерекше атап өтті. Бұл – ақпарат саласы мамандарына берілген жоғары баға.

Бүгін облыс орталығында өткен салтанатты жиында аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлы да БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өңіріміздегі жаңалықтар, маңызды оқиғалар, рухани-мәдени құндылықтар мен өзекті мәселелер ақпарат құралдары арқылы көпшілікке жол тартады. БАҚ – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Осы жолда ауданымыздың абыройын асқақтатып, жетістіктерін насихаттауға үлес қосып жүрген барша ақпарат саласының қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Мерекеге орай бірқатар үздік мамандарға облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, ауданның ақпарат кеңістігінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген «Серік ТВ» телеарнасының директоры Сабырхан Есмаханов пен «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аймақтық «Тұран Қазалы» газетінің бас редакторы, еңбек ардагері Раушанбек Сейтенов, ардагер радиожурналист Ордабай Аяпбергенов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі және ардагер журналист Алмагүл Қаржаубаева құттықтау лебіздерін білдіріп, аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізді.

Кездесу соңында аудан өнерпаздары әсерлі концерттік бағдарлама ұсынып, ақпарат саласының өкілдеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ аудан әкімінің арнайы мерекелік сыйлықтары табысталды

Алдыңғы мақала

Қазалы аудандық полиция бөліміне жаңа қызметтік автокөліктер табысталды

Келесі мақала

Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Қоғам

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі