• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Сырдарияда «Жаңа конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі» тақырыбында жиын өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі» тақырыбында мәжіліс өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудан прокуроры Абай Мұхтарұлы, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, құқық қорғау қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және аудан тұрғындары қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

01.07.2026
in Құқық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы Жаңа Конституцияның елдің құқықтық жүйесін нығайтудағы, мемлекеттік басқаруды жетілдірудегі және Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы маңызына кеңінен тоқталды.

– Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық іргетасы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың, ел бірлігі мен өркендеуінің басты кепілі. Мемлекет басшысының бастамасымен жаңарған Ата Заңда нақты бағыттар айқындалған. Біріншіден, Конституцияның кіріспе сөзі негізгі идеологиялық ұстанымдардың тұтас әрі құрылымдалған жиынтығы болып табылады. Екіншіден, еліміздің аумақтық тұтастығына қатысты нақты ұстаным белгіленді. Преамбулада жазылғандай, аумақтық тұтастық ешқашан өзгермейді және оған қол сұғылмайды. Үшіншіден, Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігі нақты айқындалды. Жаңа Ата Заңда білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты бекітілді. Төртіншіден, дәстүрлі құндылықтар ең жоғары құқықтық деңгейде қорғалды. Бесіншіден, ел дамуының адами өлшемі енгізіліп, адам құқықтарын қорғау негізгі басымдық ретінде белгіленді. Жалпы, жаңа Ата Заңда төл тарихымыз, Әділетті Қазақстан идеясы, Заң мен Тәртіп қағидаты, «Таза Қазақстан» бастамасы, бірлік пен ынтымақ, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация секілді маңызды бағыттардың барлығы қамтылған, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Мәжілісте аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудан прокуроры Абай Алимбаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, Қорқыт ата университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев сөз сөйлеп, Жаңа Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталды. Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тәуелсіздігінің берік негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті.

Жиын соңында зиялы қауым өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне жаңа басылымдағы Қазақстан Республикасы Конституциясының кітаптары табысталды. Бұл — Конституция қағидаттарын кеңінен насихаттауға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сырдарияда жаңа саяси кезең үлкен жауапкершілік жүктейді

Келесі мақала

Қазалы: 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мәселесі қаралды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі