• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 27 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданы әкімі Әйтеке би кентінің санитарлық тазалығын бақылады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентін аралап, аудан орталығының санитарлық тазалығын бақылады. Кент аумағын аралау барысында аудан әкімі Әйтеке би кентінің әкімі мен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарына санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды бірлесіп күшейтуді тапсырды. Тұрғындарға өз аулалары мен оған іргелес аумақтарды таза ұстау, ретсіз өскен шөптерді шабу, белгіленбеген орындарға қоқыс тастамау, тозығы жеткен жол белгілерін басқа да нысандарды қайта қалпына келтіруді, абаттандыру қағидаларын сақтау жөнінде тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ескерту жасауды және заң талаптарын бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды міндеттеді,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

10.07.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімі аралау барысында бірқатар тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесіп, әрбір нысан мен үй иесінің өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қарауы қажеттігін атап өтті. Азаматтарды есік алдындағы аумақтарды таза ұстап, ретсіз өскен шөптерді уақтылы шауып, туған жердің көркін сақтауға шақырды.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бекітіліп, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын сақтау әрбір азаматтың заңмен белгіленген міндеті ретінде айқындалды.

Осыған сәйкес Әйтеке би кенті әкімі аппаратының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторлары мен бірлесіп кент аумағында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Рейдтік жұмыстар барысында тұрғын үйлердің ауласы мен оған іргелес аумақтарын таза ұстамаған тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, ескертулер берілуде. Бүгінге дейін кент бойынша 300-ге жуық тұрғынға ескертулер жасалса, тұрғындардың басым бөлігі ескертулерді орындап, өз аулалары мен оған іргелес аумақтарын толық тазартуда.

Аралау барысында аудан басшысы кенттің санитарлық тазалығы бойынша берілген тапсырмалар тікелей бақылауында болатынын айтып, туған жердің тазалығы үшін бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Келесі мақала

Қазалы ауданының орталығындағы ағайынды Талқанбаевтар көшесі асфальтталуда

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Қоғам

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі