• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Түрік инвесторларының қатысуымен жаңа жобалар талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «TUKIB» түрік-қазақ кәсіпкерлері қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.07.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлының, Режеп Тайип Ердоғанның көшбасшылығымен бүгінде екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл өз кезегінде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуына серпін берді.

Бүгінде Қызылорда облысы тарихи мұрасымен ғана емес, инвестициялық мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді. Өңірде агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс индустриясын, тау-кен және өңдеу өнеркәсібін дамытудың, көлік-логистикалық әлеуетті арттырудың, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырудың қажетті алғышарттары бар. Осы бағытта әрбір инвестормен ашық, сенімді және ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға дайынбыз», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Аймақ басшысы «Қазақстан Зираат Банкінің» Қызылорда қаласында филиалын ашып, өңірдегі кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін арттыруды ұсынды.

Аймақтың қарқынды дамуын ескере отырып

«Қазстройподряд» компаниясымен облыс орталығында заманауи сауда және ойын-сауық орталығын салу, «Тиряки Холдингпен» бірлесіп керамикалық плита және санитарлық бұйымдар өндірісін іске қосу мәселелеріне тоқталды.

Өңдеу өнеркәсібінде «YDA Holding»-тің тәжірибесін пайдаланып, жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға, «Mir Yıldız» компаниясының қатысуымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты «Қорқыт Ата халықаралық әуежайын» сенімгерлік басқаруға алу мүмкіндігін қарастыру және халықаралық хаб ретінде дамыту, «Alarko Holding»-пен жоғары технологиялық жылыжай кешенін, «Aksa Energy»-мен бірлесіп ет өңдеу комбинатын салу бағытында ынтымақтастық орнату ұсынылды.

Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейуге, бірлескен жобаларды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Пернедегі әуен һәм қызметтегі пәрмен

Келесі мақала

Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі