Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыру, сондай-ақ олардың ұйымшылдығы мен өзара сыйластық қарым-қатынасын нығайту болды.
Спорттық сайыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен төзімділігін сынға салып, жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Осындай тәрбиелік және спорттық іс-шаралар жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың бойында тәртіптілік, жауапкершілік және салауатты өмір салты қағидаларын қалыптастыруға оң ықпал етеді.







