Ағымдағы жылы Асқар Тоқмағанбетов және Сәкен Сейфуллин ауылдарының электр желілерін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстар жуық арада басталады. Осы жұмыстардың нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 50 пайызға төмендейді.
Одан бөлек, 4,3 млрд. теңгеге Тереңөзек кенті мен Нағи Ілиясов, ауылының электр желілерін қайта жаңғыртуға бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржыландыру күтілуде.







