Керуен эстафетасын Нағи Ілиясов, Іңкәрдария және Шаған ауылдық мәдениет үйлерінің өнерпаздары жалғап, аудан тұрғындарына мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынды.
Ауылдан бастау алған өнер керуені аудан төрінде тоғысып, ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеген шығармашылық ұжымдардың өнерін көпшілікке паш етті. Әр ауылдың өнерпаздары өздерінің әні мен жырын, дәстүрлі өнері мен сахналық қойылымдарын ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өнер кешінде ауыл мәдениетінің өзіндік ерекшелігі мен шығармашылық әлеуеті кеңінен көрініс тауып, талантты өнерпаздардың өнері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Ауыл мәдениетінің өнер керуені – аудан төрінде!» жобасы осылайша елді мекендер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, ауыл өнерпаздарының шығармашылығын қолдауға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосуда.






