• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Бүгін Арал ауданындағы Сексеуіл теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев, сала ардагерлері, ел ағалары және кент тұрғындары қатысты-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

29.07.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Рәсімде облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысының еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту тапсырмасы өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын атап өтті.

— Өткен жылы Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өткізіліп, іргелес аумағы абаттандырылды. Қалған жеті вокзал мен екі қызмет көрсету пунктін күрделі жөндеу және қайта жаңғыртуға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жақында ғана Жаңақорған, Шиелі және Қазалы теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді.

Сонымен қатар, Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы қайта жаңғыртылды.Бүгін Сексеуіл кентіндегі 1 млрд 360 млн теңгеден астам қаржыға салынған, аумағы 9 129 шаршы метр жаңа теміржол вокзалының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – аймақ үшін маңызы зор жобалардың бірі. Баршаңызды жаңа вокзалдың пайдалануға берілуімен шын жүректен құттықтаймын, – деді БАХЫТ ДҮЙСЕНҰЛЫ.

Шарада Батырхан Базарбаев құттықтау сөз сөйлеп, сала ардагері Орынбай Оразаев ақ батасын берді. Теміржол саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер мен вокзал құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен 2025 жылы құрылысы басталған Сексеуіл теміржол вокзалы бүгінде толық аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.

Жаңа вокзал тәулігіне 281 жолаушыға қызмет көрсетеді. Барлық заманауи талаптарға сай жоғары сапалы жабдықтармен қамтылған. Ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы, күту залы және санитарлық-тұрмыстық орындар қарастырылған.

Бүгінде облыс арқылы халықаралық және өңіраралық бағыттарда 15 жолаушылар пойызы өтеді. Оның ішінде облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына қатынайтын 6 жолаушылар пойызы қызмет көрсетеді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы мақала

Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ

Келесі мақала

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Оқи отырыңыз

Аудан әкімі вокзал құрылысына қатысты нақты тапсырмалар берді
Әлеумет және экономика

Аудан әкімі вокзал құрылысына қатысты нақты тапсырмалар берді

Сотталғандарға АДС-М екпесі жүргізілді
Құқық

Сотталғандарға АДС-М екпесі жүргізілді

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады
Саясат

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады

Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!
Қоғам

Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Сексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ

Су үнемду мен әртараптандыру – ауыл шаруашылығындағы басым бағыт

Өзекті жаңалықтар

Аудан әкімі вокзал құрылысына қатысты нақты тапсырмалар берді
Әлеумет және экономика

Аудан әкімі вокзал құрылысына қатысты нақты тапсырмалар берді

0

Жаңа вокзал құрылысының бас мердігері – «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу...

Сотталғандарға АДС-М екпесі жүргізілді

Сотталғандарға АДС-М екпесі жүргізілді

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады

Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!

Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аудан әкімі вокзал құрылысына қатысты нақты тапсырмалар берді
  • Сотталғандарға АДС-М екпесі жүргізілді
  • Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады
  • Ардақ Ибраимов: көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталуы тиіс!
  • Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі