• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында 400-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік органдар қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Бүгінде азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты барынша азайту – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетіктерінің бірі болып отыр.

12.08.2026
in Денсаулық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 7 түрі көрсетіледі. Оның 6 түрі өңірлік департаменттер мен аумақтық басқармалар, ал 1 түрі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тарапынан көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтердің барлығы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл азаматтардың мемлекеттік қызметті алу процесін жеңілдетіп қана қоймай, қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасындағы тікелей байланысты шектеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығы артып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуға жағдай жасалады.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау тұрақты бақылауда.

Қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуы, өтініштерді қараудың белгіленген тәртібі, қажетті құжаттардың талаптарға сәйкестігі және мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарының бұзылмауы – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің негізгі назарындағы мәселелердің бірі.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарын алу үшін барлығы 616 өтініш түскен.

Оның ішінде 381 өтініш қанағаттандырылып, тиісті рұқсат құжаттары берілді, ал 235 өтініш бойынша заңнама талаптарына сәйкес дәлелді бас тартулар ұсынылды, 2 қызмет тоқтатылып, 3 құжат қайта рәсімделді, 29 құжатқа түзетулер енгізілді.

Мемлекеттік қызмет алушылардың басым бөлігі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру қызметіне жүгінген.

Жүргізілген талдау мемлекеттік қызметтерге деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Атап айтқанда, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қызмет алушылар саны екі есеге өскен.

Бұл көрсеткіш санитариялық-эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік қызметтердің қоғам мен кәсіпкерлік субъектілері үшін маңыздылығын көрсетеді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ерекше мән береді.

Егер мемлекеттік қызметті алу барысында қызметкерлер тарапынан қандай да бір кедергілер немесе заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда, қызмет алушылар Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 23-70-22 сенім телефонына хабарласа алады.

Әрбір өтініш назарға алынып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралады.

Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

Алдыңғы мақала

Өлең мен қара сөз — ұлтқа өнеге

Келесі мақала

Сотталғандарға құқықтық міндеттері түсіндірілді

Оқи отырыңыз

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Экология

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
Бизнес

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Өзекті жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

0

Құрылтай елдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстар мен бастамаларды қарастыратын қоғамдық алаң ретінде маңызды рөл...

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
  • Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
  • Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі