Барлық сайлау учаскелерінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге айрықша мән беріліп, қазақы дәстүр мен салт-сана кеңінен насихатталуда. Ұлттық киім киген азаматтар сайлаушыларды қарсы алып, дастарханға бауырсақ сынды ұлттық тағамдар ұсынылуда.
Сонымен қатар, сайлау учаскелерінде асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары ән шырқап, күй орындап, сайлау барысына ерекше сән беруде.
Бұл – елдік науқанды ұлттық болмысымызбен сабақтастырып, ата дәстүрімізді ұлықтаудың жарқын көрінісі.
Қазалыда Құрылтай сайлауы – азаматтық белсенділікпен қатар, ұлттық рух пен мәдениеттің мерекесіне айналуда!









