Ұжым мүшелері ауылдық округтегі №85 сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Аталған учаскеде барлығы 680 дауыс беруші тіркелген. Қазіргі таңда олардың 100-ден астамы өз таңдауын жасап үлгерді.
Ел болашағына бейжай қарамай, маңызды науқанға ұйымшылдықпен қатысу – ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
Бірлік бар жерде – береке бар. Ел үшін маңызды таңдауда Ақсуат ауылының тұрғындары да белсенділік танытуда!









