• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 23 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты

Қызылордада ерекше балаларға оңалту қызметін тұрақты түрде көрсетуге бағытталған ата-аналар бастамасы назарға алынды. Қазір 50-ге жуық аналар өз күштерімен қолға алған жобаны толыққанды іске қосу үшін ғимаратты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге көмек сұрап отыр, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

23.09.2026
in Денсаулық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл мәселе «Әділет» партиясының Қызылорда облыстық филиалында балалардың құқықтарының қорғалуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өткен Ашық есік күнінде көтерілді.

Қала тұрғыны Айжан Смағұлова ДЦП диагнозы бар балалардың анасы ретінде төрт жылдан бері өзге ата-аналармен бірлесіп, балаларға әр жерден ғимарат жалға алып, оңалту қызметін ұйымдастырып келеді. Осы уақыт ішінде олар Астана қаласынан тәжірибелі реабилитолог мамандарды шақырып, мамандардың жолақысы, тұруы мен тамақтануына қажетті шығындарды өз қаражаттары есебінен өтеп келген.

Жақында кәсіпкер «Қазына и К» ЖШС құрылтайшысы Қазына Байтуғанова ата-аналарға 160 шаршы метрлік ғимаратты тегін пайдалануға мүмкіндік берген. Олар нысанның қабырғаларын әктеу және жеңіл жөндеу жұмыстарына да өз қалталарынан қаржы шығарып, жүргізіп алған.  Ендігі міндет – ғимаратты толық тазалап, балаларға қажетті жиһаздар мен оңалту құралдарын орналастырып, жұмыс істеуге қолайлы орта қалыптастыру.

«Ғимаратты дайындау жұмыстарының негізгі бөлігі атқарылды. Енді ішін тазалап, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Ата –аналардың қалтасы үнемі көтере бермейді. Себебі балаларының емі, тамағы киімі дегендей. Сондықтан «Әділет» партиясына барып көмек сұрадық», – дейді Айжан Смағұлова.

Өтініштің жай-күйін көру үшін «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Дәулет Ізбасарұлы және облыстық Балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы Ерлан Бакиров ғимаратқа барып, ата-аналардың бастамасымен танысты.

Кездесу барысында оңалту қызметін заңды түрде тіркеу, мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану және қажетті құжаттарды рәсімдеуге қолдау көрсетілетін болды. Сонымен қатар бастаманы алдағы уақытта сүйемелдеу бағыттары талқыланып, кеңестер берілді. Мұнан бөлек, қазан айының ортасында арнайы қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, онан түскен қаржыға орталыққа қажетті құрал жабдықтарды сатып алу жоспарланып отыр.

«Баланың денсаулығы мен оның толыққанды дамуына қажетті жағдай жасау – ата-ана үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды міндет. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдауды күшейту және ерекше қажеттіліктері бар балалардың оңалту қызметтеріне қолжетімділігін арттыру бағыттарына басымдық берілген. Сондықтан бүгін көтерілген мәселені тек бір отбасының өтініші ретінде қарамай, нақты шешімін табуды қажет ететін әлеуметтік мәселе ретінде қабылдаймыз. Тиісті органдармен бірлесіп, қажетті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге және мүмкіндігінше демеушілік көмек тартуға ықпал етеміз», – деді Жандос Базартай.

Айта кетейік, қолданыстағы мемлекеттік саясатта да мүгедектігі бар балалар үшін жеке оңалту бағдарламаларын іске асыру, оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және үй жағдайындағы оңалту мүмкіндіктерін кеңейту бағыттары қарастырылған.

Кездесу барысында алғашқы нақты көмек те көрсетілді. Дәулет Ізбасарұлы орталықтағы тазалық жұмыстарына және поливолентті төсеніштер алуға қаржылай қолдау білдірді. Бұдан бөлек, ғимараттың сыртына тегін ақпараттық маңдайша орнатуға жәрдем көрсетілетін болды.

Ата-аналардың төрт жылдан бері өз күштерімен жүргізіп келе жатқан жұмысы осылайша жаңа кезеңге қадам басып отыр. Ғимарат қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылып, жұмысын бастаса, Қызылордадағы 100-ге жуық ерекше баланың тұрақты оңалту қызметін алуына мүмкіндік артады.

Алдыңғы мақала

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

Оқи отырыңыз

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.
Саясат

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
Қоғам

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
Қоғам

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Өзекті жаңалықтар

Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты
Денсаулық

Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты

0

Бұл мәселе «Әділет» партиясының Қызылорда облыстық филиалында балалардың құқықтарының қорғалуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселелері...

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты
  • Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.
  • Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
  • Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі