• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Қазалы ауданында Республика күніне орай «Ұлттық мереке – ұлы күн» атты мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды. Елдіктің еңсесін көтеріп, тәуелсіз мемлекеттің құндылықтарын ұлықтаған салтанатты кешке аудан тұрғындары мен қонақтары жиналып, ортақ мерекенің қуанышын бірге бөлісті, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

27.10.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шара шымылдығын «Бұл менің Қазақстаным» атты композициялық пролог ашты. Отанға деген сүйіспеншілікті, туған жерге деген құрметті және ел болашағына деген сенімді бейнелеген әсерлі қойылым көрермендерге ерекше патриоттық көңіл күй сыйлады. Сахна төрінен шырқалған ән мен көркем қойылымдар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, халықтың бірлігі мен ынтымағын айшықтады.

Салтанатты кеште аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің тарихи маңызына тоқталды.

Аудан басшысы өз сөзінде Республика күні – мемлекеттілігімізді дәріптеп, елдік мұратымызды айқындайтын, халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын маңызды мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республика күнінің тарихи мәні туралы айтқан пікірін тілге тиек етті.

– Бүгінгі күн – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күнінің мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке екенін атап өткен болатын. Биыл Президентіміз айтқандай, еліміз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашты.

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар маңызды реформаларды жариялады. Бұл бастамалар саяси жаңғыру үдерісін жеделдетіп, «Әділетті Қазақстан», «Қуатты Қазақстан» және «Таза Қазақстан» құру жолындағы өзгерістердің жаңа кезеңіне жол ашты. Осындай ауқымды бастамалардың қасиетті Сыр өңірінде қолға алынуы біз үшін ерекше мәнге ие.

Бүгінде қазыналы Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының, елімізде жауапты қызметтер атқарып жүрген Нұрлыбек Машбекұлының және облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қолдауымен бірқатар маңызды жобалар жүзеге асуда. Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елді мекендердің көркеюіне бағытталған жұмыстар жалғасын табуда.

Кеше облыс орталығында Республика күніне арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы бірқатар жерлестерімізге мемлекеттік наградалар табыстады. Мұны туған жердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегіне көрсетілген құрмет деп білеміз. Бұл – Қазалының бірлігі бекем жұртшылығына, ел игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген барша азаматтарға берілген ортақ баға.

Киелі Сыр өңірі, қасиетті Қазалы ауданы Тәуелсіз Қазақстанмен бірге жасай берсін! Барлық бастамаларымыз баянды болғай! Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! – деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Мереке аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси өміріне және түрлі салалардың өркендеуіне белсенді атсалысып жүрген бірқатар азамат облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл – туған жердің дамуына үлес қосып, қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген құрметтің белгісі. Еңбек адамын дәріптеу, азаматтардың бастамалары мен жетістіктерін бағалау – елдік құндылықтарды нығайтудың маңызды бөлігі.

Марапаттау рәсімінен кейін мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Өнер иелері патриоттық әндер мен әсем әуендерді орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сахна төрінде орындалған музыкалық шығармалар мен шығармашылық ұжымдардың өнері мерекенің мазмұнын аша түсті. Көрермендер туған елді, кең байтақ даланы, бейбіт өмір мен ынтымақты жырлаған әндерді ыстық ықыласпен қабылдады.

Республика күні – ел тарихындағы маңызды белестерді еске салып, мемлекеттілігіміздің мәнін терең сезіндіретін ұлттық мереке. Бұл күн – тәуелсіздіктің қадірін бағалап, ортақ Отанымыздың болашағына деген жауапкершілікті арттыратын ерекше дата. Оның маңызы ел жетістіктерін атап өтумен ғана шектелмейді. Мереке әр азаматтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамдағы татулық пен өзара құрметтің маңызын тағы бір мәрте айқындайды.

Туған өлкенің өркендеуі, ел экономикасының дамуы және келер ұрпаққа жарқын болашақ қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Бұл жолда әр азаматтың адал еңбегі, қоғамның бірлігі мен өзара қолдауы айрықша рөл атқарады. Бірлігі жарасқан елдің берекесі артып, ынтымағы бекем жұрттың алар асуы биік болмақ. Ұлттық мерекені кең көлемде атап өткен қазалылықтар үшін бұл кеш елдік рухты көтеріп, ортақ құндылықтарды дәріптеген тағылымды шараға айналды.

Алдыңғы мақала

«ҚОРҚЫТ АТА» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жай-күйі талқыланды

Келесі мақала

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі