Жасанды интеллектінің көмегімен жаңалық мәтінін дайындау үшін алдымен оқиға туралы тексерілген деректерді беру қажет. Мысалы, оқиғаның қашан және қай жерде болғаны, оған кімдердің қатысқаны, ресми ақпарат көздерінің мәліметтері нақты көрсетілуі керек. Осы деректер негізінде ЖИ жаңалықтың тақырыбын, кіріспесін және негізгі мәтінін құрастыра алады.Дегенмен жасанды интеллект дайындаған материалды толық тексермей жариялау дұрыс емес. Себебі ЖИ кейде ақпаратты қате түсінуі, деректерді шатастыруы немесе расталмаған мәліметтерді қосуы мүмкін. Сондықтан журналист әрбір фактіні ресми дереккөздер арқылы тексеріп, мәтіннің мазмұны мен тілдік сауаттылығына назар аударуы қажет.Редактордың міндеті де осы тұста маңызды рөл атқарады. Ол жаңалықтың тақырыбына, ақпараттың нақтылығына, мәтіннің құрылымына және журналистік этика талаптарына сәйкестігіне баға береді. Қажет болған жағдайда материалды өңдеп, түзетулер енгізеді.Жасанды интеллект журналистің жұмысын жеңілдеткенімен, оның кәсіби жауапкершілігін алмастыра алмайды. Оқиғаның мән-жайын анықтау, ақпарат көздерінің сенімділігін бағалау және қоғамға шынайы ақпарат жеткізу — журналистің негізгі міндеті.
Қорытындылай келе, ЖИ жазған жаңалық редакцияға дайын болуы мүмкін. Бірақ оны жариялауға дейін журналист тексеріп, редактор мақұлдауы керек. Технология — ақпаратты дайындауға көмектесетін құрал, ал шынайылық пен жауапкершілік журналистикадағы басты талап болып қала береді.
Автор: Нұрәли Аманжолов









