• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланған мәжіліс өтті, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпаратттық агенттігі.

28.10.2026
in Құқық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты.

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтып, талап пен тәртіпке басымдық берудің маңызын атап өтті.

«Жұмысты ойдағыдай орындау үшін, ең алдымен, бүкіл қоғамымыз тату болуы керек. Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық.

Қазір жаһандық сын-қатерлер әлдеқайда қауіпті сипат алған кезде қоғамымызда талап пен тәртіпке басымдық беруіміз қажет», – деді Президент.

Мәжілісте қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтау, балалар қауіпсіздігі, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы оқиға болған соң оның салдарымен күреспей, алдын алу тетіктерін күшейтудің маңызын атап өтті.

«Бізге ең бірінші, адам өмірі қымбат, оның ішінде  баланың өмірі мың есе бағалы. Ең басты мақсат  – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болуы тиіс.

Соңғы төрт жылда жергілікті бюджеттен полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 65 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл – өңір тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін көрсетіліп отырған қолдау.

Жыл басынан бері 1915 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 8,8 % төмендеген. Дегенмен статистиканың жақсаруы жұмысты босаңсытпауы тиіс. Әсіресе балалардың, жасөспірімдердің қатысуымен болатын оқиғаларға мүлде бейжай қарауға болмайды. Соңғы апталардағы оқиғалар осы бағыттағы жұмысымызды қайта қарауды талап етеді.

Әрқайсымыз жүктелген міндетімізді толық орындап, жауапты органдар өз құзыреті шегінде әрекет етіп, ортақ мақсатқа жұмылуы тиіс. Ол үшін күнделікті тәртіп, жауапкершілік, өзара үйлесім мен нақты нәтиже керек.

Тұрғындар өзінің қауіпсіздігіне сенімді болып, балаларының амандығына алаңдамауы қажет. Біздің мақсатымыз – есеп үшін жұмыс істеу емес, халықтың тыныштығын қамтамасыз ету. Осы міндетті бәріміз бірдей түсініп, жауапкершілікпен атқаруға тиіспіз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мәжілісте қаладағы жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық нысандары мен құқықбұзушылық қаупі жоғары аумақтарда профилактикалық жұмыстарды жандандыру, рейдтік іс-шараларды жүйелі жүргізу тапсырылды.

Проблемалық аумақтарда жаяу патрульдеуге және учаскелік инспекторлардың тұрғындармен байланысынақатысты нақты шаралар қабылдау керек.

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін мектептерде және мектептен тыс ортада буллингтің, өзге де құқықбұзушылықтың алдын алуды жандандыру да – жұмыстың маңызды тармағы.

Тәуекел тобындағы балалармен және олардың ата-аналарымен жұмысты күшейтіп, полиция, білім беру ұйымдары, психологтар мен әлеуметтік қызметтердің бірлескен іс-қимылын үйлестіру қажет.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты органдардың жұмысына талдау жүргізіледі.

Жиын қорытындысында қала және аудан әкімдеріне құқық қорғау органдарымен бірлескен профилактикалық жұмыстарды жандандырып, рейдтік іс-шараларды тұрақты жүргізу міндеттелді.

Алдыңғы мақала

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Келесі мақала

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Құқық

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі