• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 19 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кәсіпкерлер бюджетке 2 млрд теңгеге жуық салық төледі

Аймақтың кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында құрылған «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 10 жылда 15,5 млрд теңгеге 2779 жоба қаржыландырылған.

12.06.2025
in Қоғам
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Нәтижесінде 3140 жаңа жұмыс орны ашылып, кәсіпкерлер бюджетке 2 млрд теңгеге жуық салық төлеген. Бұл жайлы Өңірлік орталық директорының орынбасары Досжан Анасбаев айтты.

«Жобаларды қарастыру барысында Орталық ауылдық елді мекендерге басымдық берді. Мәселен, он жылда Өңірлік орталық арқылы қаржыландырылған 2779 жобаның 2595-і аудандар, ондағы елді мекендер, сондай-ақ Қызылорда қаласына қарасты ауыл азаматтарының кәсіпкерлік бастамасы», — дейді Орталық директорының орынбасары.

Кәсіпкерлік мақсаттағы мемлекеттік қолдау тетіктерін алу барысында ауылдық елді мекен тұрғындары қиналатын кей мәселелер бар. Мысалы, несие алу үшін қойылатын кепіл мүлік. Бұл жағына келгенде Өңірлік орталық мәселені жан-жақты қарастырып, оңтайлы шешілуіне аса мән береді. Кепілге жылжымайтын мүліктен сабан үйге дейін, сондай-ақ жер телімдерін де алады.

Былтыр Өңірлік орталық 1,4 млрд теңгеге 129 жобаны қаржыландырды.

«Біз қазір жобаларды қаржыландыруда басымдықты өндірістік салаға беріп жатырмыз. Бұл жағынан аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жергілікті тауарөндірушілердің қатарын арттыру жөнінде нақты тапсырма берді. Өндіріспен айналысудың тиімді екенін жыл өткен сайын кәсіпкерлер де жақсы түсініп келеді. Былтырғы қаржыландырған 129 жобаның 53-і өндірістік, 42-сі қызмет көрсету саласынан болса, 25-і агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды қамтиды», — деді Досжан Анасбаев.

Осы орайда, шалғай аудан, ауыл тұрғындары жобаларын ұсынуда облыс орталығына келіп, уақыт жоғалтпаса да болады. Жобаларын өздері тұратын қала, ауданның кәсіпкерлік бөлімдеріне тапсырады. Ал аталған бөлім мамандары жобаларды жинақтап, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына ұсынады.

Биыл Өңірлік орталықта өңдеу өнеркәсібін дамытуға 1,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Кәсіпкерлік мақсаттағы несие 6 пайызбен, 5 жылға дейін беріледі. Бүгінгі күнге дейін қалалық, аудандық әкімшіліктерден 55 өтінім түсті. Бұл өтінімдер несие комитетінде қаралып, 20 жоба қаржыландырылды.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласының сол жағалауында мемлекеттік бағдарлама аясында ашылып жатқан шағын өндірістік аймақта кәсібін жүргізуге ниетті бизнес иелеріне де Орталық арқылы қолдау көрсету көзделуде. Аталған орталыққа орналасатын кәсіпкерлер құрал-жабдық үшін Өңірлік орталықтан 3 пайызбен несие ала алады.

«Қазір Қызылорданың қарқынды дамып жатқанын өздеріңіз де көріп отырсыздар. Оның ішінде сол жағалау қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде. Соның бірі – мемлекеттің қолдауымен шағын өндірістік аймақты дамытуға жақсы жағдай жасалуда. Шағын өндірістік аймақта орналасқан кәсіпкерлер өнімдерін жанындағы коммуналдық базарға шығарып, тұтынушыларға ұсына алады», — дейді Өңірлік орталық басшысының орынбасары Досжан Анасбаев.

P/S. Өңірлік орталықтан кәсіпкерлік мақсатта несие алуға ниетті азаматтар қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғылықты жеріндегі қала/аудандық кәсіпкерлік бөліміне немесе «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына хабарласа алады. Өңірлік орталықтың байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-03-60, 40-02-37.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылордада санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады

Келесі мақала

Қызылорда облысының әкімі шетелдік инвесторлармен кездесті

Оқи отырыңыз

Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан
Қоғам

Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан

Жаңақорғанда жаңа құс фабрикасы ашылмақ
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанда жаңа құс фабрикасы ашылмақ

Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс
Қоғам

Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс

Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейд жүргізуде
Құқық

Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейд жүргізуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Өзекті жаңалықтар

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде
Әлеумет және экономика

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде

0

Бұған дейін аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуінде жол жөндеу мәселесі көтерілген болатын. Тұрғындардың ұсынысына сәйкес облыс әкімінің...

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті

Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді
  • Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті
  • Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті
  • Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі