• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 21 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Адам құқықтары саласындағы мәселелер талқыланды

Кеше Қазалы ауданына Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы жұмыс сапарымен келді.

18.06.2025
in Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі адам құқықтарының сақталу деңгейін зерделеу, тұрғындармен кері байланыс орнату және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іссапар барысында өкіл алдымен Әйтеке би кентіндегі «Руханият орталығы» ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев төрағалық етіп, арнайы жұмыс сапарымен келген өкілді таныстырып өтті. Мұнан соң Берікбол Ұзақұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз қозғап, кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындармен кездесуде азаматтық құқықтардың бұзылуы, әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары, тұрғын үймен қамту, сондай-ақ әкімшілік-құқықтық сипаттағы басқа да сұрақтар қарастырылды. Бұдан бөлек тұрғындар жеке қабылдауда көтерген мәселелерге байланысты да тиісті құқықтық кеңестер беріліп, кейбірі бойынша нақты шаралар қабылданатыны айтылды.

Сапар аясында Берікбол Байхожаев аудан ардагерлерімен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен, отбасын қолдау орталығы және әлеуметтік сала қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында да жиын өткізді. Жиында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ауданға жасалған бұл жұмыс сапары азаматтардың құқықтарын қорғау мен олардың мәселелеріне назар аудару бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Мұндай кездесулер өңір тұрғындарына құқықтық қолжетімділікті арттырып, ашық әрі тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы мақала

Облыстық мәслихаттың фракция мүшелері тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Келесі мақала

Екі аяғынан айырылған сегіз жасар Алуаға мемлекет протез салып беретін болды

Оқи отырыңыз

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті
Қоғам

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті
Мәдениет

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті

Сырдарияда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді
Қоғам

Сырдарияда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егу жұмыстары жүргізілді

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты
Оқиғалар

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда

Сыр ардагерлері қасиетті Арал топырағында

Аралда облыстық ардагерлер ұйымының көшпелі семинар-кеңесі өтті

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

Өзекті жаңалықтар

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде
Мәдениет

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

0

Арал қаласы бойынша барлығы 16 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасауда. Оның ішінде 1 жабық сайлау учаскесі көпбейінді...

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда

Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде
  • Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады
  • Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты
  • Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады
  • Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі