• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 2 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Жалаңаш ауылында жаңа мектептің іргетасы қаланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданына қарасты Жалаңаш елді мекеніндегі 150 орындық мектептің іргетасын қалау рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Postscript.kz" ақпарат агенттігі

27.06.2025
in Білім
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Оған Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты құттықтап, басталған іске сәттілік тіледі.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті», — деген болатын. Шәкірттерімізге сапалы білім, саналы тәрбие беруге бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Аймағымызда соңғы үш жылда білім беру саласына бөлінген қаржы 304 млрд. 600 млн. теңге болып, 32 пайызға артты. Біздің ең бірінші міндетіміз — балаларымыздың білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру. 2023 жылы Қызылорда қаласындағы 4 мектепке 1 850 орындық қосымша құрылыс салу есебінен үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты. 2024 жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет, жеке инвестор есебінен 13 білім беру ұйымы пайдалануға берілді.
Алаш арысы Міржақып Дулатовтың: «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», — деген жақсы сөзі бар. Жаңа бой көтеретін білім ошағынан болашақта алдыңғы буынның ізгі жолын жалғайтын, ел үмітін ақтайтын білімді, талантты шәкірттер шығатынына сенімдіміз! Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болғай!», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Шарада Берік Әбдіғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, Мергенсай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Әсемхан Аққалиұлы батасын берді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аймағымызда 3 мың орындық 6 мектеп ел игілігіне берілді. Тағы 4 мектептің құрылысы аяқталып, олар жаңа оқу жылы қарсаңында ел игілігіне табысталмақ. Атап айтқанда, Арал қаласында бой көтерген 300 орындық №292 орта мектеп жыл басында пайдалануға берілсе, алдағы күндері Сексеуіл кентіндегі «Жайлы мектеп» оқушыларды қарсы алады.
PS. Сондай-ақ, Тоқабай ауылындағы демеушілер қолдауымен салынған 100 орындық жаңа мектеп ашылуға дайын.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Ақбасты елді мекеніне ауыз су жеткізілді

Келесі мақала

Аралда «Руханият орталығы» ашылды

Оқи отырыңыз

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
Экология

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды
Қоғам

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті
Қоғам

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Президент саябағында «Бірлік. Достық. Береке» атты мерекелік шара өтті

Шиелі ауданында бірлік мерекесі кең ауқымда аталып өтті

«Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсы өтті

Шиелі ауданында шеберлік пен жаңашылдық ұштасқан байқау өтті

Өзекті жаңалықтар

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
Экология

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

0

Аудан басшысы «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталып, оның жай ғана тазалық шарасы емес, ел болашағы үшін мәні...

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
  • Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
  • Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды
  • Аралда бірлік мерекесі аталып өтті
  • Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі