• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 21 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылордалық полицейлер журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы өңіріміздің журналистер қауымымен кездесіп, оларды төл мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды "PostScript.kz"

28.06.2025
in Құқық
0
506
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Байланыс пен ақпарат қазіргі таңда қоғамдық өмірдің барлық басты салаларын қамтып отырғаны белгілі. Осы ретте БАҚ тұрғындар мен билік арасындағы алтын көпір тәріздес. Бүгінде сапалы да сауатты ақпаратқа деген қолжетімділік үлкен маңызға ие.
Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор екенін атап өтіп, журналистер халық пен билік арасындағы дәнекер екенін айтты.

«Журналистің жұмысы қай кезеңде де өте жауапты және құрметті. Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай қызмет атқарып жүр. Жаңалықтарды салмақты сөз, тұшымды пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер.
Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықпен күрес тақырыбында қалам тербеп, ақпарат айдынында еліміздің дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосып жүрген қызметтеріңіз үшін, жүйелі ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс айта отырып, Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!» деді Серік Әбдімәуленұлы.

Бүгінгі мерекелік шара барысында полицияның имиджін көтеріп, беделін арттыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге, кеңінен ақпараттандыруға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер департамент басшылығы тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сонан соң полиция қызметкерлері журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан Жедел басқару орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін көгілдір экраннан көруге мүмкіндік алды. Полицияның тыныс — тіршілігімен танысқан журналистер өз алғыстарын білдірді.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#ПОЛИЦИЯКҮНІ
#ДЕНЬПОЛИЦИИ
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Алдыңғы мақала

Қызылордада жедел басқару орталығы жаңғыртылып, заманауи технологиялармен жабдықталды

Келесі мақала

«Бәрін тоқтаттым» — Төреғали Төреәлі

Оқи отырыңыз

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
Құқық

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
Құқық

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
Құқық

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Өзекті жаңалықтар

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

0

Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер мекеме аумағын абаттандыруға үлес қосып,...

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңару күніндегі жасыл бастама
  • Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
  • Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі