• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылордада пробация есебіндегі сотталған азаматтар мемлекеттік грант ұтып алды

Қызылордада пробация есебіндегі бес сотталған мемлекеттік грант ұтып алды, – деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

01.07.2025
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда облысы Шиелі ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған бес азамат “Бастау Бизнес” жобасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болды. Олар “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, бизнес-жоспарларын сәтті қорғап, әрқайсысы 1 572 800 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болды.

Мемлекет тарапынан бөлінген бұл гранттар сотталғандардың қоғамға бейімделуіне, еңбек арқылы өз өмірін жаңаша бастауына зор мүмкіндік беріп отыр.

Екі азамат дәнекерлеу жұмыстарымен айналысатын жеке шеберхана ашпақ, екеуі үй құсын өсіріп, ет және жұмыртқа өндіруді жоспарлап отыр, ал бір азамат құрылыс материалын өндіретін шағын цех ашуға ниетті.

Пробация қызметі мен “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысы нәтижесінде бұл азаматтар тек кәсіп ашуға мүмкіндік алып қана қоймай, қоғамға қайта бейімделу жолына түсті.

— Жасаған қателігім үшін өкініп келемін. Бірақ мемлекет маған жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл грант – мен үшін үлкен сенім. Енді тек адал еңбекпен отбасымды асырап, өз ісімді дамытқым келеді. Бұрын кәсіпкер боламын деп ойламаппын. Қазір шлакоблок өндірісімен айналысып, еңбек арқылы өз орнымды табамын деп сенемін, – дейді пробация есебіндегі азамат.

PS. Шиелі аудандық пробация қызметінің бастығы Қайрат Байгенжеевтің айтуынша, бұл бастама жергілікті атқарушы органдардың, аудандық прокуратураның бірлесуімен жүзгізілуде.Алдағы уақытта да есепте тұрған азаматтарды оқытып, жұмысқа орналастыру, кәсіп ашуына көмектесу жұмыстары жалғасатын болады. Мұндай қолдаулар олардың қайта қылмысқа баруына жол бермей, қоғамда өз орнын табуына сеп болмақ.

Polisia.kz

 

Алдыңғы мақала

10 жасар баланы ит талап тастаған

Келесі мақала

Психолог мамандары сотталған азаматтарға тренинг өткізді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі