• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жаңақорған — жаңғыру мен дамудың мекені

Жаңақорған ауданы бүгінде серпінді дамудың жолына түскен аймақ. Экономика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Осы жұмыстарды көзбен көріп, өңірдегі нақты өзгерістермен танысу үшін арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

16.07.2025
in Қоғам
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

БАҚ өкілдері аудан орталығы мен ауыл-аймақтарды аралап, іске асып жатқан жобалармен танысып, даму қарқынын байқап қайтты.

БАҚ өкілдері алдымен Жаңақорған кентіндегі жақында пайдалануға берілген аспалы көпірге барды. Бұл нысан — 15 елді мекеннің 22 мыңнан астам тұрғынын «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық дәлізіне тіке қосатын маңызды құрылыс. Бұрын тұрғындар айналма жолмен қатынаса, енді уақыт пен қаражатты үнемдеп, еркін қозғалу мүмкіндігіне ие болды. Көпірдің екі жағына жаяу жүргіншілер жолы, түнгі жарық шамдары орнатылған. Жобаның жалпы құны — 1,4 млрд теңге.

Келесі бағыт — «Жаңақорған Автоматтандырылған Газ Тарату Станциясы». Қуаты екі есе арттырылған нысан іске қосылғанда 8 елді мекеннің 11 мыңнан астам тұрғыны табиғи газбен қамтылады. Құны 2,3 млрд теңгені құрайтын жоба бүгінде 98 пайызға орындалған.

Бұдан соң тілшілер Қыраш ауылдық округіндегі «Қадіржан» жеке кәсіпкерлігінің сабын шығару цехында болды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған өндіріс орны күніне 100-200 дана сабын шығарады. Бұл — жергілікті кәсіпкерліктің дамып келе жатқанын көрсететін игі бастама.

БАҚ өкілдері сондай-ақ Шалқия кентінде салынып біткен асфальт зауытының жұмысымен танысты. 6 гектар аумаққа орналасқан өндіріс ошағы индустрияландыру картасына енген. Зауыт іске қосылғанда аудандағы жол құрылысын сапалы материалмен қамтамасыз етеді әрі 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.

Баспасөз турының маңызды бағыттарының бірі — Жайылма ауылындағы «Мырзатай» шаруа қожалығы болды. Бұл — Сыр бойына танымал Жайылманың атақты қарбызын өсіріп отырған ірі қожалықтардың бірі. Қожалық жетекшісі Нұрсұлтан Ходжаевтың айтуынша, биыл қарбыз 3 гектар жерге егілген. Ерте көктемде егілген қарбыз бүгінгі таңда пісіп, нарыққа жол тарта бастады. Табиғи нәрі мен күннің қызуынан толықтай жетілген Жайылманың қарбызы дәмі, сапасы жағынан сұранысқа ие. Өнімдер жергілікті нарықпен қатар, еліміздің басқа өңірлеріне де жөнелтіліп жатыр.

Сапар соңында тілшілер Екпінді елді мекеніндегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның, соның ішінде жаңа электр желілерінің құрылысын көрді. Бұл жоба нәтижесінде 936 тұрғын сапалы әрі тұрақты электр энергиясына қол жеткізеді.

Жалпы, баспасөз-туры барысында ауданның әлеуетін арттырып жатқан жобалардың барысы таныстырылды. Жаңақорған ауданы — жаңару мен даму жолындағы әлеуетті аймақ екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

 

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылордадағы тігін цехындағы тындырымды тіршілік

Келесі мақала

Спорт. Басқармаға қарасты мекеме басшыларына жаңа талаптар жүктелді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі