• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тереңөзек кентінде ауқымды әлеуметтік жобалар жүзеге асуда

Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, экологиялық ахуалды жақсарту сынды басым бағыттар бойынша нақты нәтижелер бар, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

16.07.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Өткен жылдың желтоқсан айында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қолдауымен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен аудандық аурухана жанынан облыстық деңгейде қызмет көрсететін жаңа емдеу ғимараты іске қосылды. Паллиативті бөлімше ашылғаннан бергі соңғы 6 айда 340 науқас ем қабылдаған.

— Жыл көлемінде аудан медицинасында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Аудандық аурухана жанынан облыстық деңгейде науқастарды қабылдайтын “Паллиативтік көмек” және “Медициналық оңалту” бөлімшесі бар жаңа емдеу ғимараты пайдалануға берілді. Бөлімшенің материалдық базасы жетілдірілді, заманауи үлгідегі технологиялармен қамтылды. Ауыр хәлдегі науқастар мен ұзақ уақыт бойы оңалтуды қажет ететін жандарға тәулік бойы ем-шара жүргізілуде. Оңалту іс-шарасын жасауға барлық мүмкіндік қарастырылған. Мезгілімен науқастар ем қабылдап, дәрігер бақылауында болады. Қос бөлімшеде 5 дәрігер мен 50-ге жуық орта буын мамандары және кіші буын қызметкерлері бар. Сонымен қатар физио ем жүргіліп, логопед, психолог, массаж, емдік дене шынықтыру мамандары демалыс күндеріне қарамастан жұмыс жасайды. Айта кету керек, паллиативтік медициналық көмек көрсету бөлімшесі 60 төсек орынға арналған. Бөлімше қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен толық қамтамасыз етілген,- деді бас дәрігердің орынбасары Қанат Медетбаев.

Сонымен қатар, елді мекенде тұрмыстық қатты қалдықтар палигоны салынды. Бұл жоба экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

— Тереңөзек кентінде тұрмыстық қатты қалдықтар палигонының құрылысы 2024 жылы жүргізілді. Бұл жоба желтоқсан айында пайдалануға берілді, оның құны 475 млн теңгені құрайды. Палигонның бір ерекшелігі — мұнда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау қондырғылары орнатылған. Яғни, бұл жерде пластик, шыны, темір және басқа да қайта өңдеуге жататын қоқыстар осы жерде сұрыпталып, тиісінше өңдейтін орындарға жөнелтіледі, — деді Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бақтияров.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы мақала

Шаған — жүйелі даму жолында

Келесі мақала

Депутаттар орман тұқымбағының жұмысымен танысты

Оқи отырыңыз

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу
Құқық

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Әлеумет және экономика

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі
Қоғам

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті
Қоғам

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі