• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 1 қараша, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Еңбек адамының мүддесі — басты назарда

Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезі еліміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына жаңа серпін берді, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

21.07.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

Съезде еңбек адамының құқықтары мен мүддесін қорғау, ұжымдық шарттарды күшейту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері негізгі басымдық ретінде айқындалды. Қызылорда облысынан қатысқан делегаттар съезд шешімдерін өңірде жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жұмыскерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Бақытжан Мұқашева және Қызылорда облысы «Келешек» жастар кеңесінің өкілі Айдын Аширбекова мәлімдеді.

— Бүгінгі таңда кәсіподақтардың басты миссиясы – еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау. Бұл — съезде де баса айтылған мәселе. Біз аймақта әлеуметтік әріптестікті дамыту, жұмысшылардың құқықтарын сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Қазіргі уақытта облыста 97 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар, олар 12 салалық кәсіподаққа біріктірілген. Еңбек қатынастарын тұрақтандыру мақсатында соңғы жылдары 52 меморандум жасалып, 130-дан астам ұжымдық шарт жаңартылды. Қазірдің өзінде облыс бойынша 5923 ұжымдық шарт бар, бұл — жалпы ұйымдардың 67,7 пайызын қамтиды. Сонымен бірге, кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, өндірістік кеңестер құруды, техникалық инспекторлардың білімін жетілдіруді тұрақты қолға алып келеміз. Бұл — жұмыс орнында әр қызметкердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Біз съезд шешімдерін өңірімізде жүзеге асыру үшін нақты жұмыстарды жалғастырамыз,-деді Мақсұт Ыбрайханұлы.

— Қауіпсіз еңбек — кәсіпорындар үшін басты басымдық болуы тиіс. Съезде бұл мәселе нақты көтерілді және еңбек қауіпсіздігін күшейтуге қатысты ұсыныстарымыз ортаға салынды. Қазіргі кезде біздің кәсіпорында өндірістік кеңестердің жұмысы жүйеленген, бірақ бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту қажет. Техникалық инспекторлардың біліктілігін арттыру, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау — осының барлығы жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бізде өндіріс болған соң, тәуекелдер жоғары, сондықтан әр жұмысшының амандығы үшін барлық талапты мүлтіксіз орындау — ортақ міндет. Еңбек адамының денсаулығы мен өмірі — бәрінен маңызды,-деді Бақытжан Қасымжанқызы.

— Жастар кәсіподақ қозғалысының болашағы екенін съезд барысында да атап өтілді. Бүгінде кәсіподақ ұйымдары жастармен жұмысты жаңа форматта жүргізуі тиіс. Жастар кеңестерінің жұмысы жандануы керек, себебі олар жаңа көзқарас, жаңа идеялар әкеледі. Біз де осы бағытта белсенді жұмыс атқарып келеміз. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында еңбек ететін жастардың кәсіподақ қозғалысына тартылуы маңызды. Өйткені бұл — олардың еңбек құқықтарын ерте бастан түсінуіне, әлеуметтік қорғалуына мүмкіндік береді. Кәсіподақтар тек тәжірибелі аға буынның емес, жастардың да ұйымы болуы керек. Сонда ғана ол заман талабына сай жаңарып, өзектілігін жоғалтпайды,-деді Айдын Мұханқызы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алдыңғы мақала

«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі

Келесі мақала

Халықаралық «Нельсон Мандела» күнін атап өтті

Оқи отырыңыз

Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді
Мәдениет

Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті
Қоғам

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті
Қоғам

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді
Қоғам

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Қазалыда сала қызметкерлерінің үздіктері марапат төрінен көрінді

Студенттер мен оқушылар есірткіге қарсы бейнероликтер байқауына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Өзекті жаңалықтар

Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді
Мәдениет

Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді

0

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер...

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді
  • Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті
  • Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті
  • Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді
  • Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі