• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 31 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Газдандыру жұмыстары қарқын алуда

Жаңақорған ауданында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда газбен қамтылған елді мекендер саны артып, жаңа ауылдарға газ жеткізу үшін құрылыс жұмыстары басталып кеткен, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.07.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл — өңір халқының тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов мәлімдеді.

— Қазіргі таңда 8 елді мекен газдандырылып, аудан халқының 52 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Биыл тағы 7 елді мекен — Сунақата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді, Ақжол, Ақсуат және Өзгент ауылдарын газбен қамту жұмыстары басталды. Аталған жобалар аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш 65 пайызға дейін өседі. Ал елді мекендер бойынша қамту деңгейі 23 пайыздан 43 пайызға жетеді. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің батыс жағалауында орналасқан Қожакент, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже, Билібай, Ақжол, Ақсуат және Өзгент ауылдарын газдандыру мақсатында қажетті құжаттамалар әзірленіп, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Бұдан бөлек, Бесарық ауылына автоматты газ тарату станциясын орнату және Түгіскен елді мекеніне дейін жоғары қысымды газ құбыры мен ауылішілік желілерді тарту бойынша жоба әзірленуде. Бұл жоба жүзеге асқанда, 13 елді мекен — Түгіскен, Келінтөбе, Қаратөбе, Қандөз, Қалғансыр, Қашқанкөл, Көктөбе, Бесарық, Кеңес, Бесарық бекеті, Манап, Талап бекеті және Аққұм ауылдарына көгілдір отын жеткізіледі. Газдандыру — тұрғындар үшін ең өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғастырамыз, — деді Мәжит Самитұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алдыңғы мақала

 Жол инфрақұрылымын жақсарту — басты бағыттардың бірі

Келесі мақала

Аралда «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті
Қоғам

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді
Қоғам

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды
Қоғам

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Қазалыда сала қызметкерлерінің үздіктері марапат төрінен көрінді
Саясат

Қазалыда сала қызметкерлерінің үздіктері марапат төрінен көрінді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда сала қызметкерлерінің үздіктері марапат төрінен көрінді

Студенттер мен оқушылар есірткіге қарсы бейнероликтер байқауына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті
Қоғам

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті

0

Мерейтойлық шара аясында ауылда қазақ күресінен спорттық шара, жүгіру марафоны және «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты танымдық...

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Қазалыда сала қызметкерлерінің үздіктері марапат төрінен көрінді

Қазалыда сала қызметкерлерінің үздіктері марапат төрінен көрінді

Студенттер мен оқушылар есірткіге қарсы бейнероликтер байқауына қатысты

Студенттер мен оқушылар есірткіге қарсы бейнероликтер байқауына қатысты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті
  • Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді
  • Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды
  • Қазалыда сала қызметкерлерінің үздіктері марапат төрінен көрінді
  • Студенттер мен оқушылар есірткіге қарсы бейнероликтер байқауына қатысты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі