• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аймақта сұйытылған мұнай газының қолжетімділігі мен өсімі тұрақты қамтамасыз етілуде

 Аймағымызда сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді. Сұраныстың өсуіне байланысты облыста газ бағасын тұрақты ұстап тұру, жеткізілімді жүйелі ұйымдастыру бағытында кешенді шаралар қабылдануда, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

02.08.2025
in Қоғам
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев баяндады.

— Қазақстан бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі 2022 жылы 1,8 млн тонна болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,4 млн тоннаға жетті. Ал біздің облыста 2022 жылы газбен жүретін 7 290 автокөлік тіркелсе, биыл олардың саны 35 690-ға дейін артып, тұтыну көлемі 5 есеге ұлғайды. Бұл — өңірде газға деген сұраныстың қаншалықты артқанын көрсетеді. Соған қарамастан, біз бағаны тұрақтандыру бағытында нақты жұмыстарды жүзеге асырып келеміз. Қазіргі таңда Қызылорда облысында автогаздың бөлшек саудадағы бағасы 102 теңге шамасында сақталып отыр. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендерде 107 теңгені құрайды. Бұл — еліміз бойынша ең төмен баға тіркелген өңірлердің бірі. Мысалы, 12 облыста газ бағасы 117 теңгеге дейін көтерілген. Шілде айында операторлармен бірнеше рет мәжіліс өткізіліп, қолайлы келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, шілде айында алынған газ қалдығы ескі бағамен — 85-90 теңгеден сатуға мүмкіндік берілді. Қазіргі уақытта облыстағы газ құю бекеттерінде 586 тонна көлемінде қор сақтаулы. Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауытынан 648 тонна газ жолда келе жатыр. Тамыз айына жалпы 7 562 тонна көлемінде газ бөлінді. Бұған қоса, Энергетика министрлігімен келіссөздер нәтижесінде қосымша 1 044 тонна газ бөлінді. Бұл — өңірде газ тапшылығын болдырмауға бағытталған нақты шаралардың бірі. Операторлар шекті бағадан 5 теңгеге төмен бағада сату туралы бастама көтеріп, облыс орталығында автогаз 1 литр үшін 97 теңгеден (бекітілгені 102), ал аудандарда 102 теңгеден (бекітілгені 107) сатылатын болады. Ресми бекітілген шекті баға — 102 теңге екенін ескерсек, бұл халыққа жасалған қолайлы мүмкіндік. Газ тапшылығын болдырмау мақсатында қосымша бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелердегі газбен жүретін автокөліктерге бензинге көшу ұсынылды. Газдың ресурстық базасын ұлғайту бағытында да нақты жұмыстар қолға алынған. Энергетика министрлігі мен «Қазгермұнай» компаниясы арасында жасалған үшжақты меморандум аясында өндіріс көлемін жылына 60 мың тоннадан 120 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қыркүйек айынан бастап «Казпетрол групп», «Галаз и Компания» және «Тұзколь Мұнай Газ Оперейтинг» компаниялары өз кен орындарынан «Қазгермұнай» зауытына газ жеткізуді бастайды. Нәтижесінде ай сайынғы өндіріс көлемі 200 тоннаға артып, 5 200 тоннадан 5 400 тоннаға дейін жетеді. Газбен қамту тұрақты жүргізілуде. Әкімдік тарапынан күнделікті мониторинг ұйымдастырылып, тұрғындардың қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз етуге күш салынуда,-деді Ардақ Темірханұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

@актуальное

Алдыңғы мақала

Теміржолшылар құрметке бөленді

Келесі мақала

Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі