• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Қазақтың ұлы ақыны — Абай» атты әдеби кеш өтті

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық мамандандырылған әмбебап ғылыми кітапханасына қарасты «Сәулет» бастауыш партия ұйымында «Қазақтың ұлы ақыны - Абай» атты әдеби кеш өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

08.08.2025
in Мәдениет
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай, кітапханашылар, «ҰҚК» шекара қызметінің сарбаздары және оқырмандар қатысты.

Қазақ халқының дара ақыны Абай Құнанбайұлы жайлы «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы:

— Абайдың қазақ өміріндегі маңыздылығы орасан. Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы ұлы ақынның құрметіне Семей топырағын Абай облысы ретінде қайта құрды. Бұл ұлтымыздың біртуар азаматына деген ұрпағының үлкен құрметі. Бүгінгі күні партия бастамасымен, жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірімізде Абай күніне орай кең көлемді шаралар легі басталды. Шаралардың лайықты деңгейде өтуіне барша партияластарымыз атсалысуда. Келешекте де Абайды танып, оның ілімін зерттеп, әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған қара сөздерін зерделеп, шығармаларын кеңінен насихаттайтын жастардың артатынына сенімім мол. Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын!,-деді.

Абай мұрасы – сарқылмайтын мол қазына. Абайсыз қазақтың философиялық та, тарихи да, этикалық ақыл-ой дүниесін көзге елестету мүмкін емес. Абай ұлттық мәдениеттердің бір-біріне өзара ықпал етуіне және бірін-бірі байытуына алғаш рет жол салды. Пушкин мен Лермонтовтың, олар арқылы Байронның, Гетенің, Шиллердің және Мицкевичтің туындыларынан жасаған аудармалары біздің ұлттық көркемсөзіміздің алтын қорына енді.

Танымдық кеште тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Яхияұлы Абайдай дара тұлғаның қазақ өміріндегі ерекше орны мен оның шығармаларындағы қоғамдық маңызы бар мәселелердің рөліне тоқталды. Ғалым-ұстаз Абайдың терең ойлы шығармаларын әлі де зерттеп, оқырмандарға кеңінен насихаттау келешек ұрпақтың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Рухани шара аясында кеш қонақтары кітапхана төрінде Абайдың мұрасына арналған, еңбетері көрсетілген кітап көрмесімен танысты.

Тарихтың талай қиын кезеңдерінде өз халқының адастырмас темірқазығы, бағдаршамы бола білген, қандай қысылтаяң, келеңсіз кезеңдерде халқымыздың қолтығынан сүйеп, иығынан демеген, табанын тайғызбаған, жігерін жасытпаған Абайдың ұлағаты халқымыздың әрқашан есінде болатыны анық.

#AMANAT

Алдыңғы мақала

«Тазалықты сақта – болашақты қорға» экологиялық қоқыс жинау сайысы өтті

Келесі мақала

Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Оқи отырыңыз

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
Денсаулық

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Қызылордада Президенттік кітапхана мен драма театр салынуда

Өзекті жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

0

Жиынға ҚАЖ ардагері Жалғасбай Есмаханов қатысып, отырысқа мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Ернияз төрағалық етті. Кездесу барысында қызметтік...

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
  • Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі