• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылордалық полицейлер бетті тұмшалайтын киімдерге тыйым салу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

2025 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының аумағында адамның түр-сипатын анықтауға кедергі келтіретін, жүзді толығымен жабатын киімді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

12.08.2025
in Құқық
0
506
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында Қызылорда облысының полицейлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Халық көп шоғырланған жерлерде, оның ішінде базарлар мен аялдамаларда, ойын – сауық орындарында жаңа талаптың мәнін, құқықтық негіздерін және бұл шектеуді сақтау қажеттілігін егжей-тегжейлі түсіндіруде.

Аталған жаңашылдықтың басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтарды дер кезінде сәйкестендіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл шектеуге адамның жүзін толықтай жауып тұратын маска мен никаб сияқты киімдер жатады.

Бұл талап қызметтік міндеттерді орындау, медициналық мақсаттар, ауа —  райы жағдайлары, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысты ерекшеліктерді ескереді.

«Бұл – алдын алу мақсатында қабылданған шара. Ол ешкімнің діни немесе мәдени дәстүріне қарсы бағытталмаған. Ең бастысы – қоғам қауіпсіздігі. Адам көп жиналатын орындарда тұлғаны жедел анықтау мүмкіндігі – құқықбұзушылықтардың алдын алуда маңызды фактор болып табылады» деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Полиция жаңа талаптарды сақтау әр азаматтың міндеті екенін ескертеді. Бұл талапты бұзу қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Түсіндіру жұмыстары облыстың барлық аудандарында жалғасатын болады. Бұл шараға қоғам белсенділері, жергілікті атқарушы органдар мен діни бірлестіктердің өкілдері де тартылды.

Алдыңғы мақала

Жаңа оқу жылында оқушыларды қандай өзгерістер күтеді

Келесі мақала

Қызылордада «Жастармен бірге!» атты Open Air форматында мерекелік кеш өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі