• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 24 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

БҚО-да полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді

БҚО-да полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

24.08.2025
in Құқық
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдын алу шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде терминал жанында тұрып, бір уақытта телефонмен сөйлесіп тұрған ер адамды байқайды. Ер адамның деректерді енгізу кезінде уайымдап, асығыс әрекет етуі күмән тудырған.

Полицейлер араласып, телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін түсіндіруге тырысқан. Алайда ер адам ақшаны аударуға табандап тұрып алған. Телефон тұтқасындағы өзін «Тамара» деп таныстырған әйел оған ешкімді тыңдамауға кеңес беріп, бірнеше минуттан кейін «қызы» мен «ұлы» да әңгімеге қосылған.

Кейін белгілі болғандай, бірнеше күн бойы алаяқтар ер адамға телефон шалып, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, оның жинақтары қауіпте екенін айтып сендірген. Ақшаны «құтқару» үшін оған депозиттен қаражатты шешіп, «қауіпсіз» есепшотқа аудару керек болған.

Полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 1,3 миллион теңгенің аударылуына жол берілмеді.

Телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың, әсіресе зейнеткерлерге бағытталған қылмыстардың көбеюіне байланысты Батыс Қазақстан облысында полиция және жеке күзет қызметкерлері банкоматтар маңында және халық көп жиналатын орындарда — ең алдымен сауда ойын-сауық орталықтарында — алдын алу шараларын жүргізуде. Мақсат — «тәуекел аймағында» жедел әрекет ету, алаяқтарға ақша аударудың алдын алу және халықтың хабардарлығын арттыру.

Полиция ескертеді: құқық қорғау органдарының нағыз қызметкерлері ешқашан ақша аударуды талап етпейді. Күмән тудыратын кез келген қоңырау кезінде бірден “102” нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Алдыңғы мақала

Сыр өңірінде «Еңбегімен ер атанған тұлға» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Келесі мақала

Ел игілігі үшін атқарылған еңбекке құрмет көрсетілді

Оқи отырыңыз

«Мен өмірді қалаймын!» ұранымен өткізілген есірткіге қарсы өлеңдер байқауы қорытындыланды
Құқық

«Мен өмірді қалаймын!» ұранымен өткізілген есірткіге қарсы өлеңдер байқауы қорытындыланды

postscript.kz
Экология

Жаңақорған ауданында 30 МВт күн электр станциясы салынуда

«Есірткісіз болашақ: қоғам үні» – мақала байқауының жеңімпаздары анықталды
Құқық

«Есірткісіз болашақ: қоғам үні» – мақала байқауының жеңімпаздары анықталды

Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде
Экология

Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Өзекті жаңалықтар

«Мен өмірді қалаймын!» ұранымен өткізілген есірткіге қарсы өлеңдер байқауы қорытындыланды
Құқық

«Мен өмірді қалаймын!» ұранымен өткізілген есірткіге қарсы өлеңдер байқауы қорытындыланды

0

Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын...

postscript.kz

Жаңақорған ауданында 30 МВт күн электр станциясы салынуда

«Есірткісіз болашақ: қоғам үні» – мақала байқауының жеңімпаздары анықталды

«Есірткісіз болашақ: қоғам үні» – мақала байқауының жеңімпаздары анықталды

Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде

Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Мен өмірді қалаймын!» ұранымен өткізілген есірткіге қарсы өлеңдер байқауы қорытындыланды
  • Жаңақорған ауданында 30 МВт күн электр станциясы салынуда
  • «Есірткісіз болашақ: қоғам үні» – мақала байқауының жеңімпаздары анықталды
  • Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде
  • Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі