Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Жаңақорған — күн сәулесі мол түсетін, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ең қолайлы аудандардың бірі. Жаңа станция іске қосылғаннан кейін өңірде экологиялық таза электр энергиясын өндіру көлемі айтарлықтай артады. Ауданның энергетикалық қауіпсіздігі нығаяды, электр энергиясына тәуелділік азаяды деп күтілуде. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Өңірге қосымша инвестиция тартуға жол ашылады. Бұл — Жаңақорғанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін стратегиялық бастама. Экологиялық маңызы күн электр станциясы ауаға зиянды қалдық шығармайды. Бұл — таза ауа, таза табиғат, болашақ ұрпақ үшін салауатты орта деген сөз. Жоба толық іске қосылғанда, өңірдегі көмірқышқыл газының шығарылуы азайып, экологиялық жағдай жақсара түседі. Қазір құрылыс алаңында инфрақұрылымдық жұмыстар, панельдерді орнатуға дайындық және электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме нысанды белгіленген мерзімде, сапалы әрі толық аяқтап тапсыруды көздеп отыр. Жаңақорғандағы күн электр станциясы — Қызылорда облысында «жасыл энергетиканы» дамыту бағытындағы нақты қадамдардың бірі. Алдағы уақытта мұндай жобалардың қатары арта түспек.









