• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 17 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы тәрбиелік жұмыстардың бастауы білім беру ұйымдарынан көрініс табуы тиіс, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

16.11.2026
in Экология
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осы орайда Қызылорда қаласындағы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық бағыттағы мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі өзегі – өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық білімді күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыру.

Мектепте ұйымдастырылған экологиялық көрме оқушылардың шығармашылық ізденісі мен танымдық қабілетін айқын көрсетті. Білім алушылар табиғатты қорғау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, су ресурстарын үнемдеу және көгалдандыру тақырыптарында әзірлеген макеттері мен жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Көрмедегі әрбір жұмыс қоршаған ортаны қорғаудың маңызын ашып, жас ұрпақтың экологиялық мәселелерге деген өзіндік көзқарасын танытты.

Іс-шара бағдарламасы аясында экологиялық бағытта ашық сабақ өткізіліп, білім алушылардың табиғатты қорғау жөніндегі таным-түсінігін кеңейтуге басымдық берілді. Сабақ барысында қоршаған ортаның тазалығы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және азаматтардың табиғат алдындағы жауапкершілігі кеңінен қамтылды. Оқушылар тақырыптық тапсырмалар орындап, өз ой-пікірлерін ортаға салып, экологиялық сауаттылықтың маңызын тәжірибе жүзінде зерделеді.

Күн тәртібіндегі маңызды жаңалықтардың бірі – мектеп жанынан арнайы экологиялық зертхананың ашылуы болды. Заманауи білім беру талаптарына сай ұйымдастырылған зертхана оқушылардың ғылыми-зерттеушілік әлеуетін дамытуға, табиғи үдерістерді бақылауға және теориялық білімдерін тәжірибемен бекітуге бағытталған.

Зертхана аясында оқушылар аквариум балықтарын күтіп-баптау, бөлме өсімдіктерін өсіру, папайя дәнін егу, орхидеяны қайта отырғызу және топырағын жаңарту жұмыстарымен айналысуда. Аталған тәжірибелік жұмыстар білім алушылардың табиғат құбылыстарына қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұқыптылық, еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Экологиялық тәрбие беру жұмыстарында қалдықтарды сұрыптау мәдениеті мен су ресурстарын сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару, қайта өңдеудің маңызы, суды ысырап етпеу және электр энергиясын үнемдеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сыр өңірі үшін стратегиялық маңызы бар су мәселесі де мектептің экологиялық жұмыстарының басым бағыттарының бірі саналады. Осыған орай білім ордасында жүзеге асырылып жатқан «Су және білім» экологиялық бастамасы аясында су ресурстарын қорғау, суды тиімді пайдалану және жас ұрпақтың табиғи байлықтарға деген жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.

Сонымен қатар мектеп аумағын көгалдандыру, жасыл желекке күтім жасау, тазалық акциялары мен сенбіліктер өткізу жұмыстары да тұрақты сипат алған. Бұл бастамаларға педагогтер мен оқушылар бірлесе қатысып, білім ордасының экологиялық келбетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте қолға алынған жұмыстардың басты ерекшелігі – экологиялық тәрбиені жекелеген іс-шаралар аясында ғана қарастырмай, білім беру мен тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде жүзеге асыру. Өйткені табиғатты аялау – тек тазалық сақтау емес, ол – қоршаған ортаға құрметпен қарау, табиғи ресурстардың қадірін білу және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар мектеп оқушыларының экологиялық дүниетанымын кеңейтіп, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Таза орта қалыптастыру – ортақ міндет, ал экологиялық саналы ұрпақ тәрбиелеу – келешек алдындағы жауапкершілік. Тазалықты ту еткен мектептің бүгінгі бастамасы ертеңгі жарқын болашақтың берік негізіне айналмақ.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

Оқи отырыңыз

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
Әлеумет және экономика

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
Құқық

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
Спорт

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!
Экология

Таза қала – ортақ іс!

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде
Экология

Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде

0

Осы орайда Қызылорда қаласындағы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте «Таза...

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!

Таза қала – ортақ іс!

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордада экологиялық тәрбиеге басымдылық берілуде
  • Қазалы ауданында екі ауылдың тұрғындары газ тұтына бастады
  • «Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
  • Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
  • Таза қала – ортақ іс!
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі