• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 17 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда еңбекші аналар құрмет төрінен көрінді

Қазалы ауданының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес Руханият орталығында еңбекші аналармен кездесу өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі 

28.08.2025
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарының, соның ішінде еңбекші аналардың қоғамдағы мәртебесін көтеру, олардың еңбегін дәріптеу мақсатында өткен кездесуді қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Алмасұлы жүргізді.

Жиынға Қазалы ауданының құрметті азаматы Әбиқызы Бибісара Қазалы ауданының мәслихат депутаттары – Эльмира Жалпақбайқызы мен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шәкизада Келімбетқызы, ауылдық округтердегі әйелдер кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, Отбасын қолдау орталығының мамандары сондай-ақ әр салада еңбек етіп жүрген еңбекші аналар қатысты.

Кездесу барысында Жәнібек Алмасұлы:

«Жұмысшы мамандықтары – кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік дамуының алтын қазығы. Бүгінгі кездесудің мақсаты – әр саладағы еңбекші аналардың кәсіпқойлығын, олардың қоғамдағы жауапкершілігі мен еңбегін дәріптеу. Жастарға тәрбие берудің басты құралы – еңбекке құрмет десек, бүгінгі жүздесу – осы құндылықты дәріптеудің бір парасы» – деді.

Шара барысында қарапайым еңбектің қадірін ұғындырып, маңдай терімен ел игілігіне үлес қосып жүрген бірқатар еңбекші аналар аудан әкімінің Алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталып, аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары –аналарға арналған әндерін арнап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жиында сөз алған Қазалы ауданының Құрметті азаматы Бибісара Әбиқызы: «Еңбек бәрін жеңбек, шынайы бақыт – адал жұмыс пен маңдай тердің жемісінде. Ел мүддесі үшін аянбай еңбек ету – әрбіріміздің қасиетті парызымыз» – деп жастарды еңбекқорлыққа шақырды. Одан соң, Аудандық аналар кеңесінің төрайымы, Қазалы ауданының мәслихат депутаты Шәкизада Келімбетқызы сөз алып марапат алушы еңбекші аналарды құттықтап, ел ішіндегі береке мен бірліктің бастауы аналар екендігін жеткізді.

Сондай-ақ марапат иесі, еңбекші ана Гүлсара Жұматқызы ұйымдастырушыларға алғыс айтып, еңбегінің елеп-ескерілгеніне ризашылығын білдірді.

Жиын соңы аудандық аналар кеңесінің мүшесі, талантты әнші Гүлнұр Аралбайқызының орындауындағы «Анаңды сүйсең менше сүй» әнімен түйінделіп, естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Фото: Қазалы ауданы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Келесі мақала

«AMANAT»: Салық төлемдері бойынша кеңес берді

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қоғам

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
Саясат

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
Әлеумет және экономика

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды
Спорт

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қоғам

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

0

Қызылорда облысында ауыл ақсақалдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және белсенді жастардың бірлескен жұмысының нәтижесінде бұған...

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
  • Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
  • Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
  • Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды
  • Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі