• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ҚР Ұлттық кітапхана басшысы Қазалы ауданына келді

ҚР Ұлттық кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында алдымен Ұлттық кітапхана басшысы аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов пен бірге аудан орталығындағы «Руханият» орталығымен және орталықта орналасқан аудандық кітапхананың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

15.09.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биылғы жылдың басында пайдалануға берілген «Руханият» орталығындағы неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі келушілерге тұрақты қызмет көрсетуде. Орталықтың жұмысы туралы Ұлттық кітапхана басшысына Дәурен Оңғарбайұлы толықтай таныстырып өтті.

Бүгінде Қазалы ауданындағы барлығы 26 кітапханада 577 — мыңнан астам кітап қоры жинақталған болса, «Руханият» орталығындағы аудандық кітапхананың өзінде 49677 кітап қоры бар. Бүгінде жаңа, заманауи ғимаратқа көшірілген кітапханаға келушілердің де саны өскен. Бүгінде орталық кітапхананың 5500- ден астам тұрақты оқырманы бар. Кітапхана жұмысымен танысқаннан кейін Ғазиза Нұрғалиева арнайы Қазалы аудандық кітапханалар қорын толықтыру мақстында Ұлттық кітапхана тарапынан резервте тұрған 1000 дана кітап сыйға беретін айтты.

Ұлттық кітапхана басшысы «Руханият» орталығынан кейін Өркендеу ауылдық округінде орналасқан көне Жанкент қалашығына барып, ондағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тарихи жәдігерлермен танысты.

Жанкент қалашығы – Қазалы ауданындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Қазақстанның ортағасырлық, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зерттеудегі маңызды нысан. VІІ–XII ғасырлардағы Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі, Оғыз қағанатының астанасы саналған. Мұнда 2014 жылдан бері қазақстандық және шетелдік археологтардың қатысуымен кешенді зерттеу жүргізілуде.

Көне шахардың тарихымен танысқан Ғазиза Құдайбергенқызы тарихи құнды қазынамыз, жәдігерлерімізді келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру, оны насихаттау жұмыстары үздіксіз жалғаса беру керектігін жеткізді.

Ұлттық кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева Әйтеке би кентіндегі абаттандыру және құрылыс жұмыстары жүргізілген Қазалы мәдени-демалыс кешенінің де жұмысымен танысты.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданында өзекті мәселелер бойынша мәжіліс өтті

Келесі мақала

«РЭП – есірткіге қарсы!» ұранымен байқау өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі