• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

«Мерейлі отбасы — 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің берекелі отбасы номинация иегері — Қазалылық «Балтөреевтер отбасы»

Отбасы – адамгершілік пен ізгіліктің, ұлттық дәстүр мен тәрбиенің қайнар көзі. Шаңырақта сіңген өнеге мен үлгі – ұрпақтың мінезі мен болмысын айқындап, елдің еңсесін биіктетер құндылықтарға айналады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

20.09.2025
in Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – осындай бірлігі бекем, берекесі ұйысқан шаңырақтарды дәріптеп, елге үлгі етуді мақсат тұтады. Биыл бұл игі дәстүр 11-ші мәрте жалғасын тауып, айрықша тарихи мәнге ие болды.

Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде өткен «Мерейлі отбасы -2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау шарасына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, отбасы құндылығының маңызы мен тағылымдық мәнін атап өтіп, республикалық кезеңге жолдама алған әулеттерді марапаттады.

Байқаудың облыстық кезеңіне Қазалы ауданынан қатысқан Балтөреевтер әулеті «Берекелі отбасы» номинациясының иегері атанды.

Берекесі тасыған Балтөреевтер әулеті – еңбекпен өрілген ғұмырдың, ынтымақ пен татулықтың шынайы үлгісі.

Шаңырақтың тірегі – Аманжол ағамыз еңбек жолын Өркендеу ауылында механизатор болып бастап, кейін ауылдық кеңесте депутат ретінде ел сенімін арқалады. Егін даласының бригадирі қызметін абыроймен атқарып, тер төккен бейнетінің зейнеті ретінде «Еңбек үздігі» медалімен марапатталған ардақты азамат.

Жұбайы – Жұпар анамыз ауыл шаруашылығының сан саласында табанды еңбек етіп, сауыншы да, күрішші де, тігінші де болған. Ұрпақ өрбіткен, елдің игілігі үшін тер төккен ардақты ана «Күміс алқа» иегері, «Медаль материнства» марапатының иесі.

Бүгінде шаңырақ көтергеніне 55 жыл толған қадірлі ата — әжі – 5 бала, 19 немере, 5 шөберенің қызығына бөленіп отырған ақ тілеулі әулет.

Бұл отбасы – еңбексүйгіштігімен, татулығы мен бірлігінің беріктігімен, ұлттық дәстүр мен салт-сананы дәріптеуімен көпке өнеге.

Балтөреевтер әулетін шын жүректен құттықтаймыз!
Берекелі шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толып, ұрпағыңыздың абыройы әрдайым асқақтай берсін!

Алдыңғы мақала

Мерейлі отбасы 2025: Облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталды

Келесі мақала

Қазалыда кәмелетке толмағандардың мәселесіне қатысты кезекті комиссия отырысы өтті

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі