• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 21 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Қазалыда Президент жолдауы аясындағы мақсат-міндеттер талқыланды

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған басымдықтарды түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

20.09.2025
in Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Басқосуға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қасқырбай Әлімбай, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме-кәсіпорын басшылары, кент, қала және ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан Жалғас Оңғарұлы биылғы Жолдауда айқындалған инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, көлік-логистикасын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, бизнесті қолдау, экономиканы жан-жақты жаңғырту арқылы адам капиталын дамыту сынды 7 бағыттың әрқайсысына жіті тоқталып, аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен сабақтастырып өтті. Маңызды құжаттағы басым бағыттар аясында іске асатын жұмыстарды нақтылап, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Осыдан кейін Жолдауды талқылау үшін мінберге көтерілген Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауылшаруашылығы саласының ардагері Қасқырбай Әлімбай агроөнеркәсіп саласын дамыту, ауылшаруашылық саласын цифрландыру, өнімдерді терең өңдеу, егін шаруашылығында су үнемдеу технологияларын пайдалану, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қасқырбек Мәмбетжанов адам капиталын дамыту, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани қолдап, бағыт-бағдар беру, қаржы саласының ардагері Кемалбай Көпжасаров шағын және орта кәсіпкерлік саласын жүйелі түрде жетілдіріп, экономиканы дамыту және тұрмыс сапасын жақсарту бағытында, медицина саласының үздігі, жоғары санатты дәрігер Бахытгүл Әлішева елімізде дәрігердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында, ал, жасанды интеллект технологияларын білім беру ұйымдарына енгізу бағытындағы жұмыстар мен міндеттер туралы Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің педагог-ұйымдастырушысы, информатика пәнінің мұғалімі Мейірман Меңдібаев өз ой-пікірлерін ортаға салып, Жолдауға қолдау білдірді.

Мәжілісті қорытындылаған Жалғас Оңғарұлы жиынға қатысушыларды аудан экономикасының қарқынды дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етуге шақырып, Жолдаудан туындайтын міндеттерді аудан көлемінде сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Алдыңғы мақала

Студенттер тәртіп пен заң аясында ой түйді

Келесі мақала

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңіне байланысты мәжіліс өтті

Оқи отырыңыз

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде
Мәдениет

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады
Қоғам

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты
Мәдениет

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады
Қоғам

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда

Қазалылық жас түлек «ел үміті» премиясының лауреаты атанды

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда

Қазалыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық шарасы өтті

Қазалыда Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселесі талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде
Мәдениет

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

0

Арал қаласы бойынша барлығы 16 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасауда. Оның ішінде 1 жабық сайлау учаскесі көпбейінді...

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда

Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде
  • Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады
  • Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты
  • Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады
  • Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі