• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қазақстан кубогының финалы–2025: «Ордабасы» мен «Тобыл» жаңа стадионда ойнайды

4 қазан күні Қызылордада футболдан Қазақстан Кубогының финалдық матчы өтеді. Шешуші кездесуде Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобылы» күш сынасады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

25.09.2025
in Спорт
0
499
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл – отандық футбол тарихында тұңғыш рет Қызылордада өтетін финал болмақ. Қазақстан Кубогының басты ойыны жаңа «Қайсар Арена» стадионындағы алғашқы ресми матч ретінде тарихқа енеді. Ойынның басталуы – сағат 19:00-де. Ал матч алдындағы іс-шаралар 18:00-де басталады.


Екі клуб та өз тарихында екі реттен Қазақстан Кубогын иеленген. Бұған дейін де бұл екі команда финалда үш мәрте жолыққан: 2007 және 2023 жылдары жеңісті «Тобыл» тойласа, 2011 жылы кубок «Ордабасының» еншісіне бұйырған.
2025 жылғы Кубокта қос команда жолын 1/8 финалдан бастаған. «Ордабасы» «Хан-Тәңіріні», «Қайратты» және «Қызылжарды» жарыс жолынан шығарды. Ал «Тобыл» болса, «Жетісу», «Тұран» және «Жеңіс» командаларын жеңді.
Финалда жеңіске жеткен клуб беделді трофейге ғана ие болмайды, сонымен қатар 2026/27 маусымындағы УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастап қатысу құқығына қол жеткізеді. Егер «Тобыл» чемпионаттағы алғашқы үштікке кіруді іс жүзінде қамтамасыз етіп үлгерсе, «Ордабасы» үшін бұл халықаралық аренаға шығудың жалғыз мүмкіндігі болып тұр.
Бұл кездесу турнирлік маңыздан бөлек, екі түрлі жаттықтырушылық мектептің тартысы ретінде де қызық. «Ордабасыны» молдовалық маман Андрей Мартин жаттықтырса, «Тобылдың» тізгіні Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, Қостанай футболының аңызы Нұрбол Жұмасқалиевтің қолында.
Финалдың мәдени бағдарламасы да айрықша болмақ. «Қайсар Арена» алаңында көрермендерге белгілі қазақстандық өнерпаздар – Sadraddin және қызылордалық Belucci тобы өнер көрсетеді. Sadraddin – кең танымал әндер авторы әрі орындаушысы, көптеген музыкалық жүлделер иегері. Ал Belucci тобы – поп-dance жанрындағы энергиялық тректері мен жарқын сахналық қойылымдарымен танылған ұжым.
Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр ресми пікір білдірді:
«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елде жаңа стадиондар салу және қолданыстағыларын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сол жобалардың бірі – Қызылордадағы «Қайсар Арена». 2025 жылғыҚазақстан Кубогының финалы осы заманауи аренадағы алғашқы ресми матч болмақ. Бұл – маусымдағы ең басты қызықтардың бірі. Қостанайлық клуб чемпиондық үшін таласып жатса, шымкенттіктер Премьер-лигадағы орнын күшейтуге тырысуда. Көрермендер жоғары деңгейлі ойын мен үлкен спорттық тартысты тамашалайды деп сенемін. Әсіресе, қызылордалық жанкүйерлер үшін бұл кездесудің ерекше мәні бар, себебі жаңа алаңда өз жерлестері Асхат Тағыберген өнер көрсетпек».


Қазақстан кубогының финалы–2025 жанкүйерлер үшін үлкен мерекеге айналмақ. Қатысушылар жаңа аренаның алаңын алғаш сынаса, көрермендер тарихтың куәгері болады.
Матч 4 қазан, сенбі күні өтеді. Басталуы – 19:00.БАҚ өкілдері аккредитация алу үшін мына телефонға хабарласа алады: +7 (707) 713-27-50 немесе электрондық пошта арқылы: kffleaguee@gmail.com.

Алдыңғы мақала

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды

Келесі мақала

Қазалыда ардагерлер арасында спорттық сайыс өтті

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі