Мереке қарсаңында ұлттық нақышта киінген олар №64-ші сайлау учаскесіне барып, бір мезетте дауыс берді.
— Бүгін туған жеріміздің болашағы үшін маңызды күн. Саяси шараға белсенді түрде қатысуға шешім қабылдадық. Өз таңдауымызды жасадық, — дейді олар.
Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан әулетке сайлау учаскесі тарапынан арнайы сыйлық берілді.