• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қазалы ауданының әкімі әлем чемпионына құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Хорватия астанасы Загреб қаласында ересектер арасындағы грек-рим күресінен өткен Әлем чемпионатында көк туымызды көкке көтеріп, халқымызға тарихи алтын медаль сыйлаған Сыр өңірінің спортшысы Айдос Сұлтанғали мен бапкері Ғабиден Райымбекті қабылдап, жеңістерімен құттықтады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

08.10.2025
in Спорт
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Айдос Сұлтанғалиұлын ең алғашқылардың бірі болып Әлем чемпионы атанған жарқын жеңісімен құттықтап, «Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деген ақжарма тілегін жеткізген болатын.

Ал, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы чемпионымызды арнайы қабылдап автокөлік кілтін, бапкері Ғабиден Райымбекұлына пәтер кілтін табыстаған болатын. Бүгін бізде қазалылықтар болып, чемпионға құрмет көрсетуді жалғастырып жатырмыз. Биыл өңір спортшылары үшін жемісті де жеңісті жыл болып тұр десек қателеспейміз. Себебі еліміздің көк туын көкте желбіретіп байрақты бәсекелерге шыққан спортшыларымыз намысты қолдан бермей, жеңіске жетті. Грек-рим күресінен Қазақстан Әлем чемпионатының алтын медалін соңғы рет 1999 жылы жеңіп алған (Мхитар Манукян (63 кг). Араға 26 жыл салып, елімізге аталған спорт түрінен ХХІ ғасырдың алғашқы алтын медалін алып келу ұлт жадында алтын әріппен жазылар ерлік. Осы жеңісті жалғастырып, алдағы Олимпиада ойындарында алтыннан алқа таға беруіңізге тілектеспіз, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Қабылдауда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, ардагер спортшы Қуанған Бәкен, Айдос Сұлтанғалидың туыстарының атынан Ашықбай Тоғымов ақсақал сөз сөйлеп, чемпионның жеңісі барша қазақ жұртына ортақ жеңіс екенін айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

Аудан әкімі спорт әлеміндегі биік белесті бағындырған Айдос Сұлтанғалиға 1 000 000 теңгенің және спортшының бапкері Ғабиден Райымбекұлына 400 000 мың теңгенің арнайы қаржылай сертификаттарын табыстап, барша Қазалы жұртшылығының атынан жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ батырымызды әрдайым бабында болуы үшін мұндай қолдаулар жалғаса беретіндігін жеткізді.

Басқосуда грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Ғабиден Райымбек пен грек-рим күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиұлы барша қазалылықтардың көрсеткен құрметіне шынайы алғыстарын білдірді.

Чемпионды қабылдау шарасының соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов ақ батасын беріп, алдағы уақытта да чемпионның Әлем шыңдарын бағындыра беруіне тілектестігін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде ауданда спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыс атқарылды. Ауданымызда соңғы 3 жылда 3 спорт кешені мен спорттық алаңдар пайдалануға берілді, биыл тағы 3 нысан ел игілігіне табысталады.

Алдыңғы мақала

Мәжілісте міндетті медициналық сақтандыру мен көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралды

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі