• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

“Инновациялар.Тұрақтылық.Болашақ” атты хакатон өз жұмысын бастады

14 қазан күні елімізде ерекше мәнге ие “Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ” атты республикалық хакатон жобасы өз жұмысын бастады. Бұл бастама “Ауыл” партиясы мен Acapedia Kazakhstan Limited компаниясының бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

15.10.2025
in Қоғам, Білім
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жоба жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шығармашылық әлеуетін шыңдап, жастардың жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Қазіргі заманда инновациялар мен тұрақтылық — бұл еліміздің тұрақты дамуының негізгі тіректері. Сондықтан да осындай жобалар жастарға өз идеяларын ашық ортада ұсынуға, оларды іске асыру жолдарын іздеуге, әрі соның нәтижесінде қоғамға пайда әкелетін өнімдер мен қызметтер жасауға мүмкіндік береді. Хакатонға қатысушылар интеллектуалдық қабілеттерін сынап, командада жұмыс істеу шеберлігін дамытып, сондай-ақ Қазақстанның дамуына қосар үлес туралы терең ой толғауға шақырылады.
“Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ” жобасы бір күннің ішінде Қазақстанның барлық өңірлерін қамтып, өңірлік деңгейдегі сайыстың үздік командалары 24 қазанда өтетін республикалық кезеңде бақтарын сынайды. Бұл жастарға өз өңірлерін танытуға, ұлттық деңгейде бәсекеге түсуге және тәжірибе жинауға таптырмас мүмкіндік.
Қызылорда облысында бұл шара “Ауыл” партиясының өңірлік филиалы ұйымдастырды. Мұнда 25 студент 13 командаға бөлініп, өздерінің инновациялық жобаларын қорғады. Командалар түрлі салаларда — технология, білім, экономика, әлеуметтік мәселелер — тың идеялар ұсынды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, “Financio” жобасы жеңімпаз атанды. Бұл жоба қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған, әсіресе әртүрлі жастағы топтарға — оқушылардан бастап студенттер, жас мамандар және ересектерге дейін — қаржыны дұрыс басқару дағдыларын үйрету мәселесін шешуді көздейді. Қазіргі әлемде қаржылық білімнің маңызы ерекше болғандықтан, бұл жоба қоғамда кең қолдау табатыны сөзсіз.
Жобаның авторлары – Нұрбол Оналбеков Нұрбол, Нұрбек Әбілдаев және Азамат Дарменбаев — 24 қазанда өтетін республикалық кезеңде өздерінің өнерлерін тағы бір мәрте көрсетеді деп күтілуде. Бұл — олардың ғана емес, бүкіл Қызылорда облысының да үлкен жеңісі болып саналады.
Осындай бастамалар жастардың бойында инновацияларға деген құштарлықты оята отырып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне жаңа серпін береді. “Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ” атты хакатон жобасы — болашаққа жасалған инвестиция, және оған қатысушылардың барлығы — біздің елдің жарқын келешегінің кепілі.

Алдыңғы мақала

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды

Келесі мақала

Жылу беру маусымының басталуына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі