• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Халық қауіпсіздігі мен табиғат тұтастығын сақтағандар құрметке бөленді

Бүгін Қазалыда 19 қазан – Құтқарушылар күні және елімізде қазан айының үшінші жексенбісі аталып өтілетін - Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтіп, сала мамандары құрметке бөленді, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

20.10.2025
in Құқық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен қоршаған ортамыздың тұтастығын сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген қос саланың үздіктерін марапаттады.

— Биыл еліміздің Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл сала бүгінде халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігіне айналды. Өзгенің өміріне араша түсу үшін өз өмірлерін қауіпке тікетін жандар қандай құрметке болса да лайық. Жыл сайын ауданымызда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы негізінде, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен төтенше жағдайлар саласының материалдық-техникалық тұрғыдан нығайтуға айырықша көңіл бөлініп келеді. Биыл ауылдық елді мекендерде ерікті өрт сөндіру жүйесін нығайту мақсатындағы «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында ауданға қарасты Ақсуат елді мекенінен өрт сөндіру бекеті ашылуда.
Жуық арада өрт сөндіру бекеті ауыл халқына пайдалануға беріліп, жаңа, заман талабына сай 1 дана өрт сөндіру техникасы табысталмақ.
Мұнан бөлек, соңғы 2 жылда ауданға қарасты Қызылқұм, Майдакөл және Аранды ауылдық округтеріне өрт сөндіруші 3 техника табысталса, аудан орталығындағы өрт сөндіру мекемесінің 3 техникасы жаңартылды.
Құтқарушылар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, қоршаған ортамыздың тұтастығы сақтап, орман және жануарлар дүниесін қорғауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген жандар ол – Орманшылар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында еліміздегі экология мәселесі басты назарда болу қажеттігін атап өтті.
Президенттің тапсырмасына орай экологиялық ахуалды жақсартуға бағыттылған жұмыстарды жоғары деңгейде атқару үшін қазалылық орманшыларға қолдау көрсетіліп келеді.
Соңғы 2 жылда Қазалы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне вахталық автобус пен борттық автокөлік және 15 мотоцикл берілген болатын. Ал, биыл мекемеге өрт сөндіру техникасы табысталды.
Орманшыларға көрсетілген қолдаудың арқасында орманшыларымыз орманды молықтыру, орман және жануарлар дүниесін күзету және қорғау, орман өрттерінің алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Баршаңызды қос бірдей кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін, — деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Салтанатты шарада қос салада жемісті еңбек етіп жүрген сала үздіктері мен сала ардагерлері ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің «Төтенше жағдайлар Министрлігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, арнаулы атақтармен, «Қазақстан орман қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» I дәрежелі төсбелгісімен, облыс және облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің, облыстық Төтенше жағдайлар мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

“Алтын күз-2025” Облыстық іс- шарасын жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан сырдариялықтар марапатталды

Келесі мақала

Қазалыда “Қалқан-2025” арнайы тактикалық оқу-жаттығудың қорытынды шарасы өтті

Оқи отырыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
Мәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Спорт

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды
Қоғам

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Өзекті жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

0

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
  • Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
  • Президент жаңа жылу электр орталығына барды
  • Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі