• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Мәжілісте жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мәселелер қаралды. Бұл бойынша тиісті бөлім басшылары хабарлама жасап, есепті кезеңде атқарылған жұмыстарды баяндады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

21.10.2025
in Әлеумет және экономика
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Басқосуда аудан басшысы халықтың әлеуметтік көмекпен қамтылуы, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екендігін айтып, аталмыш сала бойынша көрсеткіштердің орындалу барысына тоқталды.

Аудан әкімі жиын барасында бірқатар ауылдық округтердің «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы, түрлі жобалар үшін мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар сынды мүмкіндіктерді пайдаланбай белгіленген көрсеткіштерді мүлде орындамаған округ әкімдеріне қатаң ескерту берді. Сонымен қатар аудандық «Мансап» орталығының директоры Болатбек Баймахановқа кент, қала және ауыл әкімдерімен бірлесе отыра жастар тәжірбесі бойынша көрсеткіштің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мәжілісте аудан әкімі 2025 жылға арналған индикаторларының бекітілген жоспарын өз деңгейінде орындап, мемлекет тарапынан берілген қолдауды тиімді пайдаланып, тұрғындарды, әсіресе, жастарды жұмыспен қамту мәселесін басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.

Аудан басшысы аппарат мәжілісінің күн тәртібіндегі екінші мәселе — кәсіпкерлік саласын дамытуға қатысты да тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Аудан бойынша бүгінгі күнге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5371 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда 92,8 пайызды құраған. Жыл басынан 1027 кәсіпкер тіркеліп, жабылған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1269 бірлікті құрап, яғни жыл басынан бері 242 бірлікке азайып отыр.

Алмасбек Әбілқасымұлы 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына жоспарланған кәсіпкерлік саласы бойынша негізгі көрсеткіштер толық көлемде орындалмағынан қатаң сынға алып, тиісті сала басшылары мен жауапты орынбасарына жылдың қорытындысымен көрсеткіштердің барлығын толық орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысына аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетіне сырлау, әктеу және жарнамалық билбордтарын жаңалау бойынша бірқатар тапсырма беріп, 10 күн мерзім ішінде кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру жөнінде тапсырма берді.

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстары мен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын көрді

Келесі мақала

Әйтеке би кентіндегі Амангелді көшесі асфальтталуда

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі