• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 5 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Аудан әкімі Қазалыдағы кәсіпкерлік нысандарды аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әлішпен бірге Қазалы қаласындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

25.10.2025
in Бизнес
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш зауытына барып, зауыттың өндірістік әлеуетімен, күріш ақтау және қаптау желілерінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығы зауыттың техникалық жабдықталуы мен өңдеу қуаттылығы туралы мәлімет беріп, қазіргі таңда өңделіп жатқан өнім көлемі мен экспорттық әлеуеті жайлы баяндады.

Биыл «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1503 гектар жерге егін еккен. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 550 гектар, 100 гектар бидай және 850 гектар мал азықтық дақылдарын орналастырған.

Аудан басшысы күріш зауыттан кейін жеке кәсіпкер Серік Жолболдиевтің «Интер» жеке медициналық орталығына барды. 20 төсектік медициналық нысан биыл ғана өз жұмысын бастаған. Жергілікті халық осы орталыққа күндіз келіп өздеріне қажетті процедураларын алады.

Аудан басшысы кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында Қазалы қаласындағы жеке кәсіпкер Нұрбек Қазбергеновтің Конфет цехыныңда жұмысын көрді. Қазалының бренд өнімі шығатын цехты көрген Алмасбек Әбілқасымұлы кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта конфет цехындағы өнім көлемін әлде де арттыру жоспарда бар екенін жеткізді.

Қазалы қаласындағы тағы бір кәсіпкерлік нысан жергілікті кәсіпкер Салтанат Ражатованың көкөніс жылыжайы. Жеке кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2023 жылы 8,6 млн теңге несие иеленіп, жылыжай өсіруді қолға алған. 2023 басталған кәсіп алғашқы жемісін былтырдан бері бере бастаған. Алғашында кәсіпкер 160 шаршы метр аумаққа қияр егіліп, 800 келі өнім жиналған.

«Отбасымызбен осы жылыжай жұмысын жүргізе бастадық. Нәтиже жаман емес. Өнімге сұраныс бар. Кәсіпкер үшін маңыздысы осы. «Ауыл аманаты» бойынша берілетін несие шарттары өте тиімді. Тек еңбек етуге ниет болуы керек», — дейді кәсіпкер.

Жылыжайдың жұмысымен танысқан аудан басшысы мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін бастап, жергілікті халықты өніммен қамтып отырған кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта жылыжай жұмысын әлде де жандандыруға тиісті қолдау көрсететіндігін айтты.

Алдыңғы мақала

Әлеуметтік орталықтың бірінде тәрбиеші мүгедектігі бар баланы ұрып-соғып, мазақ еткен

Келесі мақала

Қазалылықтар жұмыс күнін әнұранмен бастады

Оқи отырыңыз

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
Құқық

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда
Әлеумет және экономика

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды
Қоғам

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда
Қоғам

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Қоғамға жарқын үндеу: «Есірткіге – жоқ деп айт»

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Өзекті жаңалықтар

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
Құқық

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

0

Рейдтік топ мүшелері күнделікті 22:00-ден бастап Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдарын, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарын,...

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
  • Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда
  • Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды
  • Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда
  • Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі