• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 2 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

“Алтын күз-2025”: Еңбек озаттары марапат төрінен көрінді

Бүгін Қазалы ауданында дала еңбеккерлерінің дәстүрлі «Алтын күз – 2025» мерекесіне орай салтанатты шара өтіп, еңбек озаттары марапат төрінен көрінді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

25.10.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазалы мәдени-демалыс кешенінің алдында өткен мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов арнайы қатысып, аудан жұртшылығы мен ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді.

— Баршаңызды ұлттық мереке — Республика күнімен және «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сыр елінің қамбасын молайтып, береке мен бірліктің үлгісін көрсеткен аймағымыздың диқаншылар қауымы бүгін ерен еңбектің төріне шығуда.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде соңғы жылдары байыпты бастамалар қолға алынып, жаңа жобалар сәтті жүзеге асуда. Облысымыздың бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті.
Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда. 2021 жылы өңірімізге 308 млрд. теңге инвестиция тартылса, биылғы жылы 720 млрд. теңге тартылады. Облыс экономикасының негізі саласы — агроөнеркәсіп кешені де қарқынды дамуда. Соңғы 3 жыл ішінде мемлекет тарапынан аграрлық саланы қолдауға 43 млрд. теңге қаржы бөлінді. Шаруашылықтар есебінен 41 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі жыл сайын артып, осы жылы 234 млрд. 800 млн. теңгеге жетеді. Бүгінде, осы қолдаулардың арқасында ерте көктемнен қара күзге дейін күннің ыстық-суығына қарамай еңбек еткен Сыр диқандары межелі өнімге қол жеткізуде. Жыл сайын «Алтын күз» мерекеcін тойлаудың игі дәстүрін жалғап, адал еңбегімен төрге шыққан озаттарды марапаттаудың алтын арқауын үзбей келеміз. Еңбек адамдарын құрметпен марапат төріне шығару – біз үшін үлкен мәртебе. Қадірлі қауым! Қамбамыз әрдайым дәнге, қорамыз малға толып, халқымыздың құт-берекесі арта бергей. Баршаңызды Республика күнімен және ырыс-несібеге толы молшылық мерекесімен тағы да құттықтаймын, — деді Бахыт Дүйсенұлы.

Мұнан кейін, облыс әкімінің орынбасары аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың Республика күні мен «Алтын дән-2025 мерекесіне орай жолдаған құттықтауын аудан әкімі Алмасбек Есмахановқа табыстады. Сонымен қатар ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен» «Береке» шаруа қожалығының жетекшісі Жамаладин Өтеевті, Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен» «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Нұрлан Әбділдаев марапаттады. Сондай-ақ аймақтың ауыл шаруашылығы саласына үлес қосып жүрген азаматтарға облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

Салатанатты шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «Алтын дән – 2025» салтанатты шарасы аясында ауыл шаруашылық саласының озаттарын облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады. Сонымен қатар жылдағы дәстүрге сай өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласында үздік жетістіктерге жеткен еңбек озаттары да марапатқа ие болды. Атап айтсақ, «Озат бақташы», «Озат шопан», «Озат жылқышы», «Озат түйекеш», «Озат ветеринар», «Озат бидай өсіруші», «Озат жоңышқа өсіруші», «Озат көкөніс өсіруші», «Озат мақсары өсіруші», «Озат агроном», «Озат картоп өсіруші», «Озат бақша өсіруші», «Озат гидротехник», «Озат күріш өсіруші», «Озат жатка машинисі», «Озат комбайншы», «Озат бригадир», «Озат егін шаруашылығы», «Озат телеарна тілшісі», «Озат газет тілшісі» номинациялары берілді.

Сондай-ақ «Үздік шаруашылық» номинациясы бойынша ІIІ дәрежелі дипломмен «Мерей» шаруа қожалығы, «Үздік шаруашылық» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда биылғы жылы ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген «Рза-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҮЗДІК ШАРУАШЫЛЫҚ» номинациясы бойынша аудан әкімінің І дәрежелі дипломымен марапатталады.

Салтанатты шара соңы дала еңбеккерлерінің құрметіне орай аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Алдыңғы мақала

Қазалыда жәрмеңке ұйымдастырылды

Келесі мақала

Қазалыда “Менің Республикам Қазақстан” атты салтанатты шара өтті

Оқи отырыңыз

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
Экология

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды
Қоғам

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті
Қоғам

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Президент саябағында «Бірлік. Достық. Береке» атты мерекелік шара өтті

Шиелі ауданында бірлік мерекесі кең ауқымда аталып өтті

«Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсы өтті

Шиелі ауданында шеберлік пен жаңашылдық ұштасқан байқау өтті

Өзекті жаңалықтар

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
Экология

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

0

Аудан басшысы «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталып, оның жай ғана тазалық шарасы емес, ел болашағы үшін мәні...

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
  • Қазалыда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
  • Байқоңырдан «Сұңқар» зымыран тасығышы ұшырылды
  • Аралда бірлік мерекесі аталып өтті
  • Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі