• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 18 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен электр энергетикасы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысына байланысты мәжіліс өтті. Жиында аудан әкімі жауапты маусымды талапқа сай, үздіксіз өткізу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

28.10.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ауданымызда соңғы жылдары тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Биыл ауданда жалпы құны 2,4 млрд. теңге болатын 3 жоба – Қазалы қаласының электр желілерін толық жаңарту, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қожабақы ауылының электр желілерін қайта жаңғырту және Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы жаңадан ашылған кварталдардағы нысандар мен тұрғын үйлерге керекті электр энергиясының қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде тозығы жеткен желілердің үлесі қазіргі 69,5 пайыздан 65 пайызға дейін төмендемек.

Аудан басшысы аталған жобалардың жүзеге асуы қысқы жылыту маусымын тұрақты өтуіне тағы бір қадам болып табылатындығын айтып, жобалардың нәтижелі жүзеге асуын жауаптыларға қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар ауданымызда әлі де ауыстыруды қажет ететін трансформаторлар мен электр желілері бар екенін айтып, электр желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында әзірленген жобаларды алдағы жылдарға қаржыландыру мәселесін пысықтау керектігін жеткізді.

Мәжілісте аудан басшысы жылу беру маусымын қалыпты өткізу мәселесіне де тоқталып, жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандардағы жылу режимін тұрақты бақылауда ұстау, тұрғын үйлер мен жеке сектордағы шағымдарға жедел әрекет ету мақсатында кезекші топтардың жұмысын күшейту керек. Сонымен қатар, жылу желілерінде туындаған ақауларды дер кезінде жою, тұрғындарға қолайсыздық туғызбау және елді мекендердің халқын қатты отынмен уақытылы қамтамасыз ету міндеттелді. Қазалы ауданы бойынша жылыту маусымы 10 қазанда басталды. Бүгінде аудан бойынша 161 нысан жылыту маусымын тұрақты өткізуде.

Жиында аудан әкімі жылу беру маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша да тиісті сала басшыларына нақты тапсырымалар берді.

Жылу беру маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық іс-шараларды тиянақты ұйымдастырыңыздар. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи газды қауіпсіз пайдалану, оның ішінде түтін жолдары мен ауа-желдеткіш каналдарын уақытылы тазалау және жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіңіздер, әлеуметтік нысандар мен мекемелерде өрт кезінде қалай әрекет ету керек екені жөнінде оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізіңіздер, — деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Алдыңғы мақала

Комиссияда мерзімді әскерге шақыру жұмыстары пысықталды

Келесі мақала

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

Оқи отырыңыз

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
Әлеумет және экономика

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже
Мәдениет

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Қоғам

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет
Қоғам

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Өзекті жаңалықтар

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
Әлеумет және экономика

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

0

– 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 93,3 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың...

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Тоғыз жылдағы табанды із

Тоғыз жылдағы табанды із

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
  • Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже
  • Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
  • Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет
  • Тоғыз жылдағы табанды із
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі