• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда «Ұлағат жырым ұрпаққа» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы өтті

Қазалы ауданында жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі, шайыр – Ерімбет Көлдейбекұлының 175 жылдығына арналған шаралар Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Ұлағат жырым ұрпаққа» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауына жалғасты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

07.11.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Республикалық байқауға Астана, Алматы, Қызылорда қалалары мен Маңғыстау облысынан және Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарынан жыраулық дәстүрді жалғап келе жатқан 11 жыршы-жыраулар қатысты.

Республикалық байқауды аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп ашып, жиналған жұртшылықты Ерімбет Көлдейбекұлының 175 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ Сыр сүлейінің өмір жолы мен ұлттық өнерге қосқан баға жетпес үлесі жайында айтып өтті.

-Қазақтың мәдениеті, өнері — бұл ұлттың рухани тірегі, өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір. Ал, қазақ өнерінің ішіндегі жыраулық дәстүр — төл әдебиетіміздің бастау бұлағы, руханиятымыздың асыл мұрасы, баға жетпес рухани қазынамыз. Қазақтың жыраулық өнерінде есімдері алтын әріппен жазылған негізгі тарихи тұлғалар Қорқыт ата, Асан қайғы, Қазтуған жырау, Бұқар жырау және Шал ақын мен Үмбетей сынды жыраулардың шығармалары арқылы, біз халқымыздың тарихи жолын, елдік рухын, дүниетанымын терең ұғынып келдік. Ал, Сыр сүлейі атанған Қарасақал Көлдейбекұлы жыраулық дәстүрде ерекше есімдері қалған тарихи тұлғалардың жалғасы. Ерімбет Көлдейбекұлы сынды тарихи тұлғаларды дәріптеу арқылы біз ұлттық санамызды күшейтіп, жастарымыздың бойына отаншылдық пен рухани құндылықтарды сіңіреміз. Қазалы ауданында Ерімбет шайырдың 175 жылдық мерейтойына арналған ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, ғылыми басылымдар, тарихи-танымдық конференциялар, жыр кештері, шығармашылық байқаулар өтуде. Бұл — өткенге тағзым, келешекке аманат, рухани тамырмен қайта табысу. «Рухани жаңғыру – өткендi танудан басталады», — демекші киелі өнердің шамшырағы болған Ерімбет шайырдың есімі ұмытылмай, мәңгі жаңғыра берсін, — деді аудан әкімі.

Аудан басшысынан кейін тарихи тұлғаның есімін дәріптеуге арналған мәдени-көпшілік шараларға арнайы келген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов сөз сөйлеп, республикалық жыршы-жыраулар байқауына қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мұнан кейін жыршы-жыраулар шайыр Қарасақал Ерімбеттің терме-толғау, айтыстарынан бір шығарма және еркін тақырыпта бір шағармадан үзінділер орындады.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орын қармақшылық ең жас термеші Талант Балтабайға, Астана қаласынан келген жыршы Базарбайұлы Сырсұңқарқа және Қазалы ауданынан қатысқан жыршы Айдос Тұрарға бұйырды. Ал, жүлделі екінші орынды алматылық Нұртуған Ұлдана мен айдынды Арал ауданынан келген жыршы Гүлжамал Бейісова иеленді. Байқаудың бірінші орыны қызылордалық қобызшы Марат Сүгірбайға табысталды. «Ұлағат жырым ұрпаққа» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауының бас жүлдесін Қызылорда қаласынан келген жыршы Жақсан Жәнібек иеленді.

Айта кетейік, байқау қорытындысымен жүлделі үшінші орын алған жыршыларға 150 мың теңгенің қаржылай сертификаты, екінші орындарға 300 мың теңге, бірінші орынға 500 мың теңге, ал, бас жүлдеге 700 мың теңге қаржылай сертификаттары табысталды. Ал, қалған байқауға қатысушылардың бырлығы 50 және 100 мың теңгелік қаржылай сертификаттарға ие болды.

Республикалық жыршы-жыраулар байқауына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Берік Жүсіп, Ерімбеттанушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Қараша Қараман, жыршы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Серік Жақсығұлов және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Көбегенұлы қазылық етті.

Алдыңғы мақала

Қазалыда «Сыр сүлейі – Қарасақал Ерімбет» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

Келесі мақала

50 ден асқан ер адам келінін зорлаған

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі