• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудандық форум өткізілді

Бүгін, Сырдария ауданы әкімдігі және Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша аудандық форум өткізілді,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

19.11.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Форумға, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, Сырдария ауданы прокуратурасының прокуроры А.Жұмашев, Сырдария ауданы полиция бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары А.Толеуов, “АМАНАТ” партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы М.Омаров, Сырдария аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Р.Жамит және мемлекеттік мекемелер мен уәкілетті органдардың және құқық қорғау органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері, кент және ауылдық округтердің осы салаға жауапты мамандары (оның ішінде квазимемлекеттік сектор) қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев күн тәртібіндегі мәселені кеңінен түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күресу қажеттігін атап өтті.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмысының салдары және оның жауапкершілігі қатаң екендігі туралы түрлі бейне роликтер көрсетілді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы М.Омаров, Сырдария аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Р.Жамит түсіндірме жасады.

Форум соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында құзырлы және мемлекеттік органның өкілдері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, «Сырдария Нұрдария» қоғамдық қорының алғыс хатымен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – әр азаматтың басты парызы» тақырыбында өткізілген мақалалар байқау қорытындысының жеңімпаздары марапатталды.

Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғыз құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен ұйымдар ғана емес бұл індетпен күресуді жалпы қоғам болып жүргізу қажет екендігін барша қатысушыларға жеткізді.

Сонымен қатар жұмыс барысында қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтап, заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында тиісті шараларды қабылдау қажеттігі тапсырылды.

 

Алдыңғы мақала

Н.Ілиясов пен Шаған ауылында есепті кездесулер өтті

Келесі мақала

Макроэкономикалық көрсеткіштер мен баға тұрақтылығы басты назарда болуы тиіс

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі