• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 5 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан әкімі есепті кездесулер өткізді

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулері Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов және Тереңөзек кентінде жалғасын тапты. Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім мен мекеме басшылары қатысты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

27.11.2025
in Қоғам
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында аудан басшысы облыс пен ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады.

– Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен аймағымызда ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынды. 2023 жылдан бері 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектептің жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. Бұл арқылы өңірдегі үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Президенттің тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда облысында құны 1,6 трлн. теңгені құрайтын қуаттылығы 1100 мегаваттық жаңа бу газ қондырғыларының құрылысы жоспарлануда. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. Бұл жұмыстарға аудан әкімдігі тарапынан 280 гектар жер аумағы бөлінді. Жоба іске асқан уақытта ауданымыздың экономикалық жағдайын көтеруге зор септігін тигізеді. Бұдан бөлек ауданды дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Биыл Тереңөзек кентінде «Руханият» орталығы ашылып, О.Абдулпаттаев, Д.Керейтбаев, Ғ.Мұратбаев, Ә.Тәжібаев көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы, 3 ойын алаңы салынды. С.Сейфуллин ауылында Ә.Байназарұлы, М.Арықұлы, З.Әбілдаұлы көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, орталық алаң абаттандырылды. Қалжан ахун ауылында электр желілері қайта жаңғыртудан өтіп жатса, А.Тоқмағамбетов ауылында 2 ойын алаңы пайдалануға берілді.

Кездесулерде тұрғындар инфрақұрылым, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік салаға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі барлық айтылған мәселелер назарға алынып, олардың шешілуі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы мақала

Шаруашылық басшыларымен маңызды мәселелер талқыланды

Келесі мақала

Алапат өрттен 44 адам қаза тапқан. Гонконгтағы биік үйдің өртіне күдікті ретінде үш адам ұсталды

Оқи отырыңыз

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
Құқық

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда
Әлеумет және экономика

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды
Қоғам

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда
Қоғам

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Қоғамға жарқын үндеу: «Есірткіге – жоқ деп айт»

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Өзекті жаңалықтар

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
Құқық

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

0

Рейдтік топ мүшелері күнделікті 22:00-ден бастап Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдарын, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарын,...

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
  • Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда
  • Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды
  • Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда
  • Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі